Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қарағанды облысы транзиттік әлеуетін қалай арттырып отыр?

Өңірде электрондық коммерцияға арналған Teez сауда-логистикалық қоймасы іске қосылды. Оның қуаты жылына 27 миллионға дейін тапсырысты өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына серпін бермек. Сонымен қатар Сарыарқа әуежайы жаңғыртылып, онда мультимодальды аэрохаб – CargoHUB Karaganda құрылуда. Осы мақсатқа 354 гектар жер бөлініп, кірме теміржол жолы жобалануда және көлемі 6 мың текше метр болатын жанармай құю кешені салынып жатыр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановтың айтуынша, өңірдегі көлік жобалары жүйелі сипат алуда.

– Президенттің тапсырмасына сәйкес, CargoHUB Karaganda мультимодальды аэрохабын және Сарыарқа әуежайы аумағында АЭА-ның субаймағын құру мәселесі пысықталуда. Бұл нысан болашақта Орталық Қазақстан ғана емес, оның аумағынан тыс халықаралық жүк тасымалының негізгі орталығына айналады. Жаңа жанармай құю кешенінің құрылысы басталды. Достық – Мойынты теміржол учаскесінде қос жолдың құрылысы аяқталуға жақын. Балқаш әуежайы жаңғыртылуда. Мұның бәрі өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтеді, – деді облыс әкімінің орынбасары.

2030 жылға қарай Қарағанды әуежайы арқылы өтетін жүк көлемі жылына 15 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін ұлғаймақ. Бұл шамамен 2 мың жаңа жұмыс орнын ашып, бюджетке қосымша кіріс әкеледі.

– Жол желісі ауқымды түрде жаңартылуда: республикалық маңызы бар трассалардан бастап қалалық және ауылдық жолдарға дейінгі учаскелер қамтылып отыр. Бұл көліктік қолжетімділікті арттырып, халық пен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз