«Біздің өңірде 50 медициналық нысан салу жоспарланған болатын. Бүгінде оның 49-ы пайдалануға берілді. Бұл ауыл халқының денсаулығын нығайтуға, аурулардың ерте кезеңде анықталуына, сондай-ақ балалардың, жүкті әйелдер мен қарт кісілердің сапалы медициналық көмек алуына үлкен септігін тигізеді деп сенеміз», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешов.
Жаңа бір қабатты ғимарат заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Онда қабылдау бөлмесі, физиотерапия кабинеті, фельдшер бөлмесі, залалсыздандыру, екпе салу және ем-шара бөлмелері қарастырылған.