Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қырғызстан тауында қалып қойған Наталья Наговицынаны құтқармақ болған италиялық азамат қаза тапты

12 тамыз күні Наговицына аяғын сындырып алғаннан кейін Лука неміс альпинисті Гюнтер Зигмундпен бірге оған азық-түлік жеткізуге шыққан. Алайда ол жолда бір қолғабын жоғалтып алған. Мұндай биіктікте қолғапсыз адамды үсік шалады. Бірнеше сағаттың ішінде оның қолы жансызданып, италиялық альпинист ары қарай қозғала алмайтынын түсінген.

Жолдастары Луканы шамамен 6900 метр биіктікте қарлы үңгірге орналастырған, алайда оның жағдайы бара-бара нашарлай берген. 15 тамызға қараған түні оның миы қатты ісініп, сандырақтап, үсіген қолы маза бермегені сонша, жардан секірмек болған. Араға бір күн салып альпинст қайтыс болды. Оның денесі қар құрсауында қалды.

Құтқару тобының жетекшісі Александр Семёнов бұл жағдайдың өте қорқынышты екенін айтты.

«Луканың өмірлік ұстанымы – жолдасын қиындықта тастап кетпеу. Оның бұл ерлігі құрметке лайық, бірақ, өкінішке қарай, ол бізге қайта оралмайды», – дейді марқұмның әпкесі Патриция Синигалья.

Луканың денесі тауда қалды. Қар көшкіні ол жатқан үңгірінің кіреберісін басып қалды. Сол жерден сәл жоғары, 7140 метр биіктікте, шатырда Наговицына да қалып қойды. Алдын ала деректерге сәйкес, ол шамамен 12 күнге қақаған аязда қалып қойды, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Дрон соңғы рет ресейліктің әлсіз қимылын 19 тамыз күні тіркеген, содан кейін байланыс үзілді.

Құтқару операциясы аяқталды. 2026 жылдың көктеміне дейін «Жеңіс» шыңында іздестіру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес, өйткені маусым жабылды. Бұл қайғылы жағдай өңірдегі альпинизм тарихындағы ең ауыр оқиғалардың бірі болды. Бірден екі адам қаза тапты, сондай-ақ олардың денелері ұзақ уақыт бойы қар құрсауында қалмақ.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз