Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ермұрат Бапи: Тоқаев үлкен елдің бір аймағын басқарып отырған жоқ

Мақалада ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың белсенді сыртқы саясатымен қатар, ішкі реформалар мен әлеуметтік мәселелерді де қатар алып жүргенін нақты деректермен көрсеткен. Мысалы, соңғы екі айда Президент 18 ресми іс-шараға қатысып, 23 адамды қабылдап, 31 заңға қол қойып, өңірлерді аралап, халықпен кездескен. Сонымен қатар, осы аралықта төрт рет шетелге сапар жасап, үш халықаралық саммитке қатысып, ондаған маңызды құжаттарға қол қойған.

«Тоқаев үлкен елдің бір аймағын басқарып отырған жоқ, ол – геосаяси ахуал мың құбылған заманда тәуелсіз мемлекеттің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға жауапты тұлға. Оны белсенді, прагматикалық және сарабдал сыртқы саясатсыз жасау мүмкін емес. Әрбір халықаралық кездесу, әр саммит, Президенттің сапарлары – осы басты мүдделерді қорғауға бағытталған қадамдары. Қиын кезеңде ол іргелес елдермен де, Еуроодақ мүшелерімен де, Ислам – араб әлемімен, түркі мемлекеттерімен, тіпті алыс Америка Құрама Штаттарымен де тұрақты әрі өзара тиімді қарым-қатынасты сақтап отыр. Дәл қазір де және болашақта да бізге осындай басшы қажет», – деп сөзін түйіндейді Ермұрат Бапи.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз