Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
«Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр. Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары», – деп жазды облыс басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Облыс басшысы жағдайды өзінің жеке бақылауына алғанын атап өтті.