Тұсаукесерден кейін Алматы тау кластерінің даму перспективалары бойынша пікір алмасу өтті. Сарапшылар қауымының атынан «Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығы» ЗТБ бас хатшысы Асқар Уәлиев, «PANA ASIA» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы Нұржан Ниязалиев, «ECO Network» негізін қалаушы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің және ECOJER қауымдастығының мүшесі Евгений Мұхамеджанов сөз сөйледі.
«Көкжайлау жобасы ерекше назар аударуға лайық. Ол экологиялық орнықты даму қағидаттарына, табиғи ресурстарды сауатты пайдалануға негізделген. Бүгінде бүкіл әлем осы бағытта жылжып келеді. Соңғы талқылаудан кейін «Көк-Жайлау» жобасы тоқтатылды, бірақ соған қарамастан біз бүкіл әлемде, әсіресе, біздің өңірде үлкен дамудың жүріп жатқанын білеміз. Шешуші қадам жасайтын уақыт жетті. Шымбұлақ пен Ой-Қарағай тау курорттарын біріктірейік, олардың арасында орналасқан шағын демалыс орындарының барлығын дамытайық. Біз Алматы тау кластерін, оның ішінде «Көк-Жайлау» жобасын дамытамыз», — деп атап өтті Асқар Уәлиев.
Нұрлан Ниязалиев туристер ағынының артуы экожүйені сақтауға, келушілердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ табиғи аумақтарға жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік беретін заманауи және ойластырылған шешімдерді талап ететінін атап өтті.
Евгений Мұхамеджанов тау кластеріндегі жобаларды жүзеге асыру кезінде экологиялық аспектілерді ескеру қажеттігіне тоқталды. Барлық процестің ашықтығын, табиғатты қорғау нормаларының сақталуын және жұртшылықпен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету маңызды.