Сәтбаев қаласында ер адамның жас қызға подъезде шабуылдаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда бойжеткеннің подъезге кіріп, пәтеріне қарай беттегені көрінеді. Алайда оның артынан белгісіз ер адам ілесіп кіріп, қыз байқамай қалған.
Қаскөй қыздың басынан ұстап, аузын жауып, оны баспалдақ астына күштеп сүйреп әкеткен. Кенеттен қыздың жанұшыра айқайлаған даусы естіліп, арпалыс кезінде күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
«Қазір Сәтбаев қаласының полиция бөлімі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полицияның ресми хабарламасында.