Аталған кезеңде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған 34 резонанстық іс қаралып, 122 адамның мүддесі қорғалды. Соның нәтижесінде 461,9 млн теңге өтемақы қайтарылды. Қайтарылған сомасы 5 млн теңгеден асқан істер де бар.
Мысалдар:
• Алматыда пәтер сапасына қатысты шағым бойынша 25,9 млн теңге қайтарылды;
• Астанада рулдік ақауы бар премиум автокөлік үшін сот шешімімен 45,8 млн теңге өндірілді;
• Автокөлік ақауына қатысты 21 істе жалпы 338,2 млн теңге қайтарылды;
• Павлодарда үш тұтынушыға 53,8 млн теңге, Қызылордада сапасыз ойын жабдығы үшін 6,4 млн теңге қайтарылды.
Ұжымдық шағымдар да назардан тыс қалған жоқ:
• Павлодарда косметикалық өнімдерге байланысты 17 тұтынушыға 9,1 млн теңге;
• Түркістан, Жамбыл және Шымкент өңірлерінде сапасыз тауарлар мен орындалмаған қызметтер үшін 33 тұтынушыға 7,5 млн теңге қайтарылды.
Сот және медиация арқылы шешілген істер де бар:
• Жетісу облысында жеткізілмеген смартфондар бойынша 17 тұтынушыға 7,2 млн теңге қайтару шешімі шықты;
• Павлодарда көрсетілмеген қызметке қатысты 12 тұтынушыға 900 мың теңге медиациямен қайтарылды.
Министрлік бұл нәтижелер тұтынушылар құқығын қорғау жүйесінің тиімділігі мен азаматтардың құқықтық сауаттылығының артуын көрсетіп отырғанын мәлімдеді.