Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

20 жыл құлдықта болған отбасы жаға ұстатар жайтты айтты

«Шекарадан өздері алып өтті мені. Осы жаққа әкеп, мал бақтырып қойды. Сол 20 жыл болды ғой. Мал баққаныма бұл жерге. Ана адамға да, мына адамға да айтам. Құдай айдап, мына ініме айттым. Осы кісілермен кетіп қалдым, қашып кеттім мен. Бала-шағам қалды ана жақта», — дейді Қожагелді Жалғасбаев.

Оның айтуынша, отбасы мүшелерін бір-бірінен бөліп, ауыр жұмыстарға салған. Балалары мектепке бармаған, тіпті бірінің қолын шауып тастаған.

«Қанша жыл азап көрдім. Ұрып-соғады, айдалада жатам. Балаларымды көрген емеспін. Баламның қолын мына жерден шауып тастады. Балаларды да ұрып-соғады. Үшеуі де мектепке бармаған. Олардың орнына жалған анықтама жасатыпты», – дейді Қожагелді Жалғасбаев.

Ал оның жұбайы Шолпан Жалғасбаева балаларының екеуін құлдықта жүріп, лашықта босанғанын айтты.

«Балаларымды көрген жоқпын. Бір өзім малдың басында жүрдім. Үлкен ұлды тыр жалаңаш далаға шығарып, үстіне су құйған. Осындай қорлық көрсетті», – дейді ол.

Естіген адамның төбе құйқасын шымырлататын оқиға туралы екі апта бұрын белгілі болған. Аталған жайтқа аудандық полиция бөлімінің өкілі пікір білдірді.

«Бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша полиция тергеп-тексеру бастады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр», – деді Қазалы АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Қуандық Оразов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз