Сарапшылардың болжауынша, биткоин бағасы жыл соңына дейін 120 мың долларға жетуі мүмкін.
Биткоин бағасы алғаш рет 100 мың доллардан асты. Қазір 1 биткоин 103 487 долларға тең. Криптовалютаның өсуіне криптоинвесторлардың АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі осы саланың дамуына қолайлы жағдай жасайды деген болжамы себеп болды. Кейінгі төрт аптада биткоин 45% қымбаттады.
Ал жыл басынан бері оның құны екі есе өсті. Трамптың науқанын криптовалюта қолдаушылары белсенді түрде қолдады. Өзінің либералды ұстанымымен танымал Пол Аткинстің АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа комиссиясының басшысы болып тағайындалуы, сондай-ақ Трамптың биткойннің ұлттық резервін құру туралы уәдесі инвесторлардың цифрлық активтерге деген сенімін нығайтты.