Қазақстанда жалпы ұзындығы 425,5 шақырым болатын «Шымкент-Қызылорда» тас жолын ақылы ету ұсынылды. «Ашық НҚА» порталында «мүлікті республикалық меншіктен Түркістан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығы» жарияланды.
Жеңіл көліктер үшін толық жол жүру ақысы 0,1436 АЕК (шамамен 530 теңге), 16 орындық автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 0,7259 АЕК (2680 теңге), 32 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 1,4707 АЕК (5430 теңге), 32 орыннан көп автобустар және автопоезд жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 2,1966 АЕК (8110 теңге), жүк көтерімділігі 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 2,9388 АЕК (10 850 теңге), ал жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері үшін, оның ішінде тіркемелері бар, жүк көлігі тракторлары үшін – 3,6647 АЕК (13 530 теңге) болады деп жоспарлаған.