Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының табанды ұстанымын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) көзделген қылмыс жасағаны үшін сотталушының кінәсі толық дәлелденді.
«Атап айтқанда, 2021 жылдан бастап борышкердің 2 787 838 теңге көлеміндегі балаға алимент төлеу бойынша берешегі бар. Бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бірнеше жыл бойы өз міндеттерін қасақана орындамаған», – делінген облысы прокуратурасының хабарламасында.
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бәйтерек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.