2025 жылы өтетін футболдан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Шотландия құрамасы матч өткізді.
Есепті 30-минутта Айбар Абдулла ашты. Бірінші тайм жалғыз голмен аяқталды. Екінші таймда Леннон Миллер гол соғып, есепті теңестірді. Кейін Дейн Маррей айып алаңында ереже бұзып, ойыннан қуылды. Пенальти голын Әділбек Жұмаханов соқты. Ян Труфанов үшінші голдың авторы атанды. Алайда ойын аяқталмай тұрып қарсылас командадан Жереми Мюллен гол соғып, ойын 3:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.