Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
7
USD
488
-1.69
EUR
530
-3.06
RUB
5.02
-0.02

Әлемге тағы бір індет төніп келеді – ДДҰ

Вирустың симптомдары Эболаны «имитациялайды», адамдарды кенеттен күшті безгек қысады. Бұлшық ет ауруын, қарында құрысу-спазма тудырады. Іш өту (диарею), қан құсу қатар жүретін көрінеді. Оның соңы науқастың өлімімен аяқталуы мүмкін.

Вирустың «Марбург» аталуы Германиямен байланысты: оның қоздырушысы алғаш рет 1967 жылы немістің осы аттас қаласында анықталды. Сонда орналасқан зертхананың бірнеше қызметкері сынақ-эксперимент жүргізілген жасыл маймылдармен контакті кезінде белгісіз бір вирусты жұқтырып алған екен. Маймылдар Марбург зертханасына африкалық тағы бір ел – Угандадан әкелінді.

Құзырлы органдар вирус жұқтырғандарды шұғыл түрде оқшаулап, қалада карантин жариялап, індеттің таралуының алдын ала алыпты. Содан кейін бұл вирус туралы 1975 жылға дейін ақпарат құралдарында ешқандай мәлімет жарияланбады. Сол жылы Марбург вирусы Африкадан ешқайда жоғалмағаны, Кенияда, ізінше Конгода індет ошақтары пайда болып жатқаны белгілі болды. Жұқтыру деректері 2017 жылы – Угандада, 2023 жылы – Танзанияда тіркелді.

Ең ірі ушығуы 2005 жылы Анголада болды: 200 анголалық сырқаттың 173-і жан тапсырды.

Вирус 60 жылдан астам уақыт өткеннен кейін Германияға қайта орала жаздады. Economic Times хабарлауынша, таяуда Гамбург қаласында өмірге қауіпті осы вирусты жұқтырды деген күдікпен екі адам медициналық тексеруге алынды. Оның біреуі – студент-медик бұған дейін Руандада, Марбург вирусына шалдыққан сырқаттарды емдеп жатқан ауруханада жұмыс істеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз