Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жолаушыға көмек көрсетті. ТЖМ мәліметінше, түн ішінде трассалық медициналық-құтқару пунктіне Алматыдан Қарағандыға келе жатқан автомашина жолаушыларының бірінің денсаулығы нашарлағаны туралы шақырту келіп түскен.
«Жедел әрекет ету бригадасының дәрігерлері 1981 жылы туған ер адамға 2 банка энергетикалық сусын ішкеннен кейін пайда болған, жіті панкреатит диагнозын қойып, медициналық көмек көрсеткеннен кейін зардап шеккенді Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді», – делінген хабарламада.
ТЖМ Апаттар медицинасы қызметі ескертеді: энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.