Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Абай шығармаларын қай тілде жазған?

Түпнұсқаның тайқып, бізге құбылып жетуі – кеңес саясатының қысымынан дейді зерттеушілер. Өйткені Абай шығармаларының түпнұсқасы діни элементтерге толы болған. Ғалымдардың зерттеуінше, Хәкім Абай тұтас шығармашылығының басым бөлігін дәп осы шағатай өрнегінде жазып қалдырған.

«Баһра, Хәттә, Иттихад, Хикмат, Хайат, Кәлләм». Бұл Хәкім қолданған сөздер. Ақжол Қалшабек – абайтанушы ғалым. Ойшыл мұрасын зерттеп, насихаттаумен келеді. Оның қолындағы парақ – Абайдың жеке хатшысы Мүрсиіт Бікіұлының түпнұсқа қолжазбасы. Зерттеушілер бұл байламға осы жазбаға үңіліп, зерделеу арқылы келген.

Тақырыпты терең қаузаған ғалым шәкірті Әзімханмен бірге арнайы кітап даярлапты. «Әуезов һәм Абай» аталатын ол оқулықта Хәкім шығармаларының түпнұсқасы мен қазір біз оқып жүрген түрі салыстыра қаралады.

«Әбдіраһманға жазған өлеңі. Түпнұсқадан оқиын. «Я худай бере гор, тілеген тілекді. Қорықпай орнықтыр, Чочыған юректі». «Ш» әрпінің орнына «ч»-ны қолданады. Шошыған демейді, чочыған жүрекді. «Т»-ның орнына «д»-ны қолданады, – дейді абайтанушы.

Оның айтуынша, қара сөздері барын Абайдың өзі білмейді. Өйткені Абай шығармашылығында «Қара сөздер» деп аталатын еңбек жоқ. «Ақыл и китаб» деп аталатын ой-толғамдары 45 емес, 41 болған дейді зерттеуші. Ал шағатай өрнегі түркі халықтарына ортақ байланыс тілі болған.

«Біздің бүкіл хандардың хаттарын оқысаң… Кенесарыны оқисың ба, Абылай хан ба, бәрі осы тілмен жазған. Сөйлескенде қазақша сөйлесе беруі мүмкін, бірақ хат жазғанда шағатай тілінде жазған. Неге? Себебі ол қалыптасқан дәстүр болған. Ерекшелігі – оны өзбек те, қазақ та, қырғыз, түрікмен, татар да оқи береді», – дейді Ақжол Қалшабек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз