Елордада жауған ірі бұршақ көліктердің терезесін шағып, өзін майыстырып жіберген. Зақымданған көліктің иелері келтірілген шығынды кім өтейтінінен бейхабар. Өйткені міндетті сақтандыру табиғи апат кезіндегі жағдайларды қарастырмайтыны белгілі болды.
Астана бойынша ірі бұршақтан зақымданып, жүруге жарамай қалған көліктердің саны 5 мыңнан асады. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда ерікті сақтандыруы бар көлік иелері ғана өтемақы ала алатынын айтады. Яғни, көлігін қосымша сақтандырудан өткізген жүргізушілердің 10 пайызы ғана өтемақы талап ете алады. Оны алу үшін міндетті түрде Қазгидромет кәсіпорнынан бұршақ жауғанын растайтын анықтама құжат қажет.
«Негізі ерікті сақтандыру полисін жасау керек. Ол осындай апаттардан сақтандырады. Мысалы балалар самокат, великпен жырып кетсе де төленеді. Ұрлық, өрт. Мүлде көлікті ұрлап алып кетсе де сақтандыру полисі толық бағасы төлеп береді», – дейді сақтандыру компаниясының директоры Қанат Бимақанов.
Көлікті бұршақтан қорғау үшін аяқ астындағы төсеніштерді алдыңғы терезеге жабу керек. Ал артқы терезеге багаждағы төсенішті жапқан дұрыс.