Отбасымен бірге Дағыстанға қыдырып барған 47 жастағы қазақстандықтың денесі үш күннен кейін табылды.
Марқұм сапбордтан Каспий теңізіне құлаған. Исламның денесі төртінші күні табылып, судан шығарылды.
«Қайғылы оқиға 3 тамызда Дағыстанның Избербаш қаласында болды. Сапбордпен келе жатқан ол тақтайшаға соқтығысқан. Салдарынан 6 адам зардап шекті: құтқарушылар төртеуін судан шығарды, біреуі жағаға өз бетімен шықты. Өкінішке орай, бір адам суға батып кетті. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды», – деп жазды Ресейдің Төтенше жағдай министрілігі.