«Ақжайық» футбол клубының бұрынғы басшысы Азамат Шайхы ұсталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің мәліметінше, ол сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық» ЖШС бұрынғы директорының ұсталды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Тергеу жалғасуда.
Еске салсақ, Азамат Шайхы «Ақжайық» футбол клубының директоры қызметінен 2022 жылдың маусым айында өз еркімен кеткен. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Ақтөбе» футбол клубын басқарған болатын.