Оғас қатысты іс Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралмақ.
Актер Нұртас Адамбайға «діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасын бұзды» деген айып тағылған.
Әділет органдарында жарияланған материалдарда «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды әкелуге, өндіруге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға қойылатын талаптарды бұзу» бабы бойынша да айып тағылып отыр. Аталған құқық бұзушылықтар үшін: жеке тұлғаларға – 50 АЕК мөлшерінде (2024 ж. 184 600 теңге), заңды тұлғаларға – 200 АЕК мөлшерінде (2024 ж. 738 400 теңге) айыппұл қарастырылған. Сот процессі әлі де жалғасып жатыр. Бастапқыда процесс қазақ тілінде жүргізілген. Кейіннен Нұртас Адамбайдың өтінішіне сәйкес, орыс тілінде жүргізу туралы қаулы шыққан. Істі тыңдау 1 тамыз күні WhatsApp мессенджері арқылы мобильді бейнеконференция арқылы өтеді деп жоспарланған.