Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды қызметркерлерінің ісі сотқа жіберілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады.
Лауазымды тұлғалар бизнес өкілінен жүйелі түрде жалпы көлемі 40 млн теңгеден астам пара алып отырған деген күдікке ілінген. Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.