Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-7
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Қазақстанда пайдалы қазбалар қоры сарқылып барады

Президент 2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық барлау алаңы 1,5 миллион шаршы шақырымнан 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін ұлғайтуды айтқан еді. Бұған 36,6 миллиард теңге қажет. Алайда бұған үш есе аз қаражат бөлінді. Сондай-ақ бұл салада кадрлар тапшы. Бұл ретте еліміздегі 19 жоғары оқу орнында геологтар даярланады, онда 8,5 мыңнан астам студент білім алады. Бірақ олардың басым көпшілігі мұнай мен газ өндіруге кетеді.

«Біздің саланы цифрландыру өте төмен деңгейде. Сирек жер металдарының – REM, RM потенциалы өте үлкен. Қазір барлық ілеспе компоненттер болса да, бұл сала нашар дамыған. Біз геолог ретінде шикізатпен қамтамасыз ете аламыз. Бірақ сала оны технологиялық тұрғыдан шығара алмауы мүмкін», – дейді ҚР ӨҚМ Геология комитетінің сараптама және бірыңғай кадастр басқармасының басшысы Марғұлан Батырбай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз