Айыпталушының кінәсін мойындамайтынын және өкінбейтінін айтты.
Алматыда 47-ші автобустың қатысуымен үш адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа қатысушылардың арасында жарыссөз болды. Айыптау орнында апатқа себепкер болған автобус жүргізушісін ұрған ер адам отыр. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсі толық дәлелденгенін айтып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сондай-ақ прокурор айыпталушы Дархан Ахметжановтың оқиға орнынан бой тасаламақ болғаны айтты. Оны сол маңдағы адамдар ұстаған. Бұған қоса, оны қауіптілігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеуге жіберуін сұрады.