Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанда өнеркәсіптік трансмайларды шектеу жөніндегі техрегламентті ұстанған жөн — Қазақ тағамтану академиясы

367

Осы отырыс барысында барлық елдің өкілдері техрегламентті өзгертуге болмайтынымен келісті және май өнімдеріндегі трансмайлардың мөлшері бойынша нормадан жекелеген өнімдерді, атап айтқанда, маргариндер мен спредтерді, алып тастауға негіз жоқ екенін айтты.

Сарапшылардың пікірінше, мәселе мынада: трансмайларды адам ағзасы қорытпайды, сол себепті ол негізінен әйелдерде кеуде бездерінде, ал еркектерде простатада жиналып, онкология мен бедеулікті тудырады. Сондай-ақ, трансмайлар жүрек-қан тамырлары мен қатерлі ісік ауруларының өсуіне ықпал етеді, тромбоз, инфаркт, инсульт және қант диабеті, сондай-ақ зат алмасу проблемалар қаупін күрт арттырады.

«Трансмайлар соншалықты қауіпті болса, оларды тағам құрамында арттыру мәселесі неге талқылануда?»

деген сұрақ туындайды. Жауабы қарапайым. Трансмайлар — танымал май өнімдерінің, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің құнын бірнеше есе төмендетуге мүмкіндік беретін коммерциялық тұрғыдан өте тиімді компонент. Сондықтан бұл мәселе тұтынушылардың денсаулығына қарағанда өз кірістерін көбірек ойлайтын жеке өндірушілерге тиімді болып тұр.

Осы тақырыпты белсенді талқылау аясында Қазақ тағамтану академиясы (ҚТА) трансмайлардың зиянын түсіндіретін ресми құжат жариялады.

Құжатта трансмайлар ХХ ғасырдың дерті делінген, өйткені олар ағзаға тамақ арқылы енетін ең зиянды компоненттердің бірі.

Трансмайларды бейтараптандыруға немесе олардың зиянын азайтуға қабілетті өнім жоқ. Сондықтан құрамында трансмайлар бар өнімдерден бас тарту ғана зиянды азайтудың жалғыз жолы болып отыр. Осыған байланысты ДДСҰ тағамнан трансмайларды толығымен жоюды және оларды балама май көздерімен алмастыруды талап етеді.

Қазақстандағы ең атақты ғалым-нутрициолог, Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, РҒА және ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарманов трансмайлардың қауіптілігін былай түсіндірді:

— Трансмайлардың зиянын бүкіл әлем ғалымдары жақсы зерттеді. Бүгінгі таңда трансмайлардың адам азғасына зияны сенімді түрде дәлелденген. Сондықтан бүкіл әлемде тамақ өнімдеріндегі трансмайларға заңнамалық шектеулер енгізілуде. Бұл шектеулер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растаған медициналық зерттеулер негізінде белгіленді. АҚШ-тағы FDA және Еуропалық Одақ елдеріндегі EDA реттеушілері май өнімдеріндегі трансмайлардың құрамын 2 пайызбен шектейді және оларды халықтың денсаулығын сақтау мақсатында пайдаланудан мүлдем бас тартуды ұсынады. ЕАЭО елдері дәл осындай шектеулерді енгізе отырып (өнімдегі сутектендірілген трансмайлар максимум 2%), нормаларды ДДСҰ стандарттарына сәйкестендіріп, тексерілген жолмен жүруде. Бұл біздің халқымызды қорғаудың тиімді шарасы және осы стандарттарды ЕАЭО аумағындағы барлық өндірушілер сақтауға міндетті, – деп атап өтті Төрегелді Шарманов.

2018 жылғы қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердегідей Қазақстанда да тамақ өнімдеріндегі трансмайлар бойынша 2%-дық меже белгіленген. Өнеркәсіптік трансмай қышқылдарын тамақ өнімдерінің құрамынан кезең-кезеңімен алып тастау жөніндегі шаралар пакеті әзірленді. Трансмайлар мөлшерін 2%-ға дейін шектейтін техрегламенттің өзі 2011 жылы қабылданған. Сол кезде өтпелі кезең белгіленді, өйткені тамақ өнеркәсібіне өндірісті жаңа технологияларға бейімдеуге уақыт қажет болды. Жабдықтарды қайта құру және жаңғырту талап етілді, қазақстандық кәсіпорындардың басым көпшілігі осы талаптарды орындап, өздерінің өндірістік қуаттарын жаңартты.

Қазақ тағамтану академиясы Швейцария, Австрия, Исландия, Венгрия, Норвегия, Швеция, Дания сияқты көптеген дамыған елдер трансмайларды пайдалануға толық тыйым салғанын атап өтті.

Трансмайлардың қауіптілігі туралы хабардар адамдардың саны күннен күнге артып келеді, бірақ жосықсыз өндірушілер клиенттерді жоғалтып алмау үшін осы зиянды ингредиентті жасырудың жаңа тәсілдерін іздеп табуда. Өнімнің құрамында түптеп келгенде трансмайлар болып шығатын бүркемелі атаулар кездесуі мүмкін: сутектендірілген май; ішінара сутектендірілген май. Трансмайларды тұтынуды азайтудың жалғыз жолы – оларды өнеркәсіптік азық-түлік өндірісінен шығару, деп ескертеді Қазақ тағамтану академиясы.

Пальма майына келетін болсақ, кең таралған қате түсінікке қарамастан, оның құрамында трансмайлар жоқ,

делінген Қазақ тамақтану академиясының түсіндірмесінде. Сұйық өсімдік майларына қарағанда, ол сутектендіруді қажет етпейді. Құрамындағы қаныққан май қышқылдарының көптігінің арқасында (50%-ға дейін), пальма майы бөлме температурасында табиғи түрде қаттылығын сақтайды. Сондықтан ол май өнімдерін өндіру үшін пайдалы және қауіпсіз шикізат ретінде сутектендірілген майларға балама болды. Егер өнімнің құрамына пальма майы кірсе, онда оның құрамында трансмайлар жоқ деген сөз, деп атап өтті ҚТА.

Қазақ тағамтану академиясы май өнімдеріндегі трансмайларды қалыпта ұстау мәселесі экономика тұрғысынан емес, тұтынушылардың қауіпсіздігі тұрғысынан қарастырылуы тиіс дейді. Оларды шектеудің мақсаты — халықтың денсаулығын қорғау.

 — Мемлекет бірінші кезекте ұлт денсаулығын, оның ішінде адамдарды зиянды тамақ өнімдерінен қорғауды ойлауы керек, содан кейін ғана бизнестің экономикалық пайдасына назар аударғаны жөн, – деп қорытындылады Қазақ тағамтану академиясының президенті академик Төрегелді Шарманов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз