Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-12
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Таңдаған жігітің тиран емес пе: оның 7 белгісі бар

1620

Сондықтан қыз-жігіт болып жүрген уақытта неге мән беру керек? Жігіт тарапынан қандай әрекеттер күмән тудыруы тиіс? Осы мақалада айтамыз.

Бақылау және қызғаныш

Үй тиранының басты белгілерінің бірі – қыздың бүкіл өмірін бақылауға деген құштарлығы. Егер серігің үнемі сенің қай жерде жүргеніңді сұрап біліп отырса, телефоныңды, әлеуметтік желілеріңді тексерсе немесе сенің басқа адамдармен сөйлесуіңді шектесе – болашақта проблемалар туындайтыны анық.

Кемсіту және қорлау

Тиран белгілері бар ер адам қызды өз бақылауында ұстау үшін кемсіту, қорлау немесе сарказмды жиі пайдаланады. Егер таңдап алған адамың сені жиі қорласа немесе сыртқы келбетіңді, ақыл-ой қабілетіңді немесе пікіріңді сынаса, демек бұл дабыл қағатын белгі.

Жақын адамдарыңа жолатпайды

Үй тиранының тағы бір белгісі — оның сені жақын достарың мен отбасыңнан оқшаулауға тырысуы. Бұл оған сені оңай басқаруға мүмкіндік береді және сырттан қолдау табу мүмкіндігін азайтады.

Манипуляция және бопсалау

Тиран өз мақсаттарына жету үшін манипуляция мен бопсалауды жиі қолданады. Ол өз дегенін істету үшін саған қымбат сый уәде етуі мүмкін немесе жазалаймын деп қорқытуы мүмкін.

Эмоциясы жиі ауысады

Тиран өзінің мінез-құлқы мен эмоциясын тез өзгертеді. Ол бір сәтте мейірімді және қамқор бола алады, ал бір сәтте ашуланшақ және агрессивті болуы мүмкін. Бұл жәбірленушінің бойында сенімсіздік пен қорқыныш сезімін тудырады.

Шекараның бұзылуы

Үй тираны сенің шекараң мен жеке кеңістігіңді құрметтемейді.

Кінәлі сезіндіріп қою

Уытты серіктес сені басқару үшін кінәлауды жиі пайдаланады. Ол сені өз ойың немесе әрекетің үшін өзіңді кінәлі сезіндіріп қояды.

Тиранды қарым-қатынастың алғашқы кезеңдерінде тану өте маңызды. Егер сен ескерту дабылын байқасаң немесе бірдеңе дұрыс емес екенін сезсең, сезімдеріңді елемей қойма. Таңдаған жігітің мен қауіпсіздігіңе қатысты күмән туындаса, жақын адамдарыңнан немесе мамандардан көмек пен қолдау сұрау маңызды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз