Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
8
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Парламент мүшелері темекі өнімдеріне акциздерді не үшін теңестіргісі келеді

Сондай-ақ, депутаттар тарифтер темекіге де, қыздырылатын темекіден жасалған өнімдерге де бірдей болу керек екенін атап өтті.

Темекіге және қыздырылатын темекіден жасалған бұйымдарға акциздер әртүрлі есептеледі: темекіге акциз 1 мың данаға есептеледі, ал қыздырылатын темекіге акциз темекінің килограмына санағанда есептеледі. Бұл әлемдік тәжірибе, стиктердің құрамында  темекі шылымдарға қарағанда азырақ, сондықтан оларды даналап салыстыру дұрыс емес.

Дәстүрлі шылымдарға акциздік мөлшерлемелерді темекі қыздыру бұйымдарымен теңестіру кезінде шылымдағы бір грамм темекінің орташа құны шамамен 14 теңгеге тең болады, ал ТҚБ-ға ұқсас көрсеткіш 53 теңгені құрайды. Құн қанша есе өсетінін бастапқы мектеп білімі бар адам үшін де есептеу қиын болмайды. Сонда бұл жерде қисынды сұрақ туындайды – салық мөлшерлемелерін теңестіру дәстүрлі темекі өнімдерінің, яғни шылымдардың мүдделерін алға жылжыту емес пе?

Ұқсас сұрақ, мысалы, Латвияда қойылды. Онда осындай жағдайда темекі қыздыру бұйымдарына акциздік мөлшерлемелерді арттыру мәселесі сөз болды. Нәтижесінде – алдағы үш жылда стик бағасының күрт өсуі, сондай-ақ темекі шегушілерге зияны аз, түтінсіз балама ұсынбаған жалғыз ірі шылым өндірушісінің айқын артықшылығы.

Неліктен Қазақстан әлемнің басқа елдері емес, Латвияның ерекше жолымен жүргісі келеді? Темекі өнімдеріне салық салудағы халықаралық тәжірибені қарастырайық. Әдетте, әлемдегі темекі қыздыру жүйелеріне акциздер темекіге қарағанда төмен. Еуропалық Одақта – 72%-ға, ЕАЭО-да – 70%-ға, ал ТМД-да – орта есеппен 62%-ға.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы өзінің соңғы есептемесінің бірінде «темекіні қыздыру жүйесі темекіні күйдірмей, қыздыратындықтан, темекі түтінімен салыстырғанда зиянды және ықтимал зиянды химиялық заттардың өндірісі айтарлықтай төмендейді» деп атап өтті.

Егер темекі нарығының нақты ойыншыларының мүдделерін қолдау туралы айтатын болсақ, бюджетті ТҚБ есебінен толтыру мәселесі ешқандай сынға төтеп бермейтіні таңқаларлық емес. Темекі қоспасының килограмынан жеке акциздерге ауысқан жағдайда 2023 жылы бюджет шығыны шамамен 5 млрд теңгені құрайтын болады.

Парламентшілердің тағы бір дәлелі – балаларға қамқорлық жасау. Мысалы, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бірі дәл осы акциздер балалардың вейптер мен стиктерді сатып алуының себебі болып табылады деген пікір білдірді. Бұл ретте сауда нүктелерін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сататын тұлғалардың жауапкершілігін бақылау мәселесі шетте қалып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз