Бұл Ресейге тауарлық тәуелділікті азайтады.
Бүгінгі таңда Ресейге қарсы санкциялар біздің еліміздің экономикасының көптеген салаларына әсер етеді. Мысалы, жүк тасымалдары төрт есе қымбаттады, Ресей бізге астығын жеткізуге тыйым салуына байланысты көптеген диірмендер жабылды, автобөлшектердің тапшылығы мен қымбаттауы байқалады…
Әзірге Қазақстанның тауар айналымы көбіне Ресеймен. Ал рубль теңгеге қымбаттап, 6,78 теңге тұратындықтан, көптеген ресейлік тауарлар қымбаттады. Бірақ экономист Рүстем Жансейітов рубльдің қазір айырбасталмайтын валюта екенін және тек саяси ерік-жігер есебінен ұсталып тұрғандықтан бұл директивалық белгіленген бағам екенін атап өтті.
Ал тұтастай алғанда Ресей өзінің саяси шешімдерімен ЕАЭО елдерінің, оның ішінде Қазақстанның экономикасына нұқсан келтіреді.
— Теңге қазір рубльдің фарватерінде тұр. Бұл біз үшін үлкен кедергі.
Қазақстан батылдық танытып, ЕАЭО-дан шығуы керек немесе жағдай қалыпқа келгенге дейін мүшелікті тоқтата тұруы керек. Тек осылай ғана рубльден арылуға болады
Ресей қазір ЕАЭО елдерін айла ретінде пайдаланып отыр, оның ішінде Қазақстан арқылы оларға тікелей жеткізілмейтін алуан түрлі тауарларды сатып алады. Бұл біз үшін санкциялық қауіп болмақ.
Рубль орнығып тұрғандықтан Қазақстан теңгенің кросс-бағамын қолдауғ үшін валюта қорын жұмсауға мәжбүр. Егер қазір рубльдің биржалық сауда-саттығы жүргізілсе, онда ол 150 және тіпті 200 болуы мүмкін. Теңге бағамы да төмендейтін еді. Алайда қазір Ресей санкцияларға қырсығып, рубльдің долларға бағамын 40 етіп жасай алады”, – дейді Жансейітов.
Оның пікірінше, Ресеймен қаншалықты тығыз экономикалық байланыста екенімізді қант тапшылығынан да байқауға болады.
— Қант жоқ, себебі біздікілер ресейлік қантқа үміттеніп, бұған дайын болмады. Мұндай көрініс көптеген позицияларда байқалады
Жақында мен диван сатып алмақ болдым, және жұмсақ жиһаздың көп бөлігі Ресейден әкелінетінін білдім. Ал біздің жергілікті жиһаз өндірісінің сапасы сын көтермейді. Олардың қорқынышты жиһаз шеберханаларын жартылай жертөлелерден өз көзіммен көрдім. Тағы бір балама — Еуропадан келген жиһаз, бірақ оның бағасы жоғары.
Меніңше, ресейлік тәуелділіктен арылудың бір жолы — Қытаймен ынтымақтастықты күшейту, сол жақтан келетін тауарлар санын арттыру. Ол үшін Аспан асты елімен жеке сауда келісімін жасасуымыз керек
Екінші жағынан, егер Қытайдан тауарлар ағыны көбейсе, бізге өз өндірісімізді дамыту қиынға соғады. Сондықтан таңдау жасау қиын, – дейді экономист.
Экономист Алмас Чукин Қытаймен сауда ынтымақтастығын күшейтуді экономиканы әртараптандырудың маңызды бағыты деп санайды. Бірақ бұл үшін тауар айналымының күрт өсуі логистикалық проблемалар туғызбауы үшін теміржол жолдарын кеңейту керек.
— Қытай бүгінде біздің әдеттегі азық-түлік өнімдерімізден басқасының барлығын өндіреді. Алайда, нарықтың өзі бәрін өз орнына қояды. Жақында маған жұмыста A4 қағазын алып келді, қағаз Тайваньнан шығады екен. Ресейлік қағаз жеткізілмейтін болғандықтан және бағасы қымбаттағандықтан баламасын тапқан болар. Қағаздың сапасы ресейліктен де жақсы.
Сондықтан тауарларды, әсіресе тұтынушылық тауарларды сатып алу қиын емес. Бизнес екі-үш айда тез арада қайта бағдарлай алады. Ал біздің өнімдерді Қытайға сатумен жағдай күрделірек — бәсекеге қабілетті заттар жасауымыз керек
Бірақ әзірге біз негізінен Қытайға шикізат жібереміз. Кондитерлік өнімдеріміз, әсіресе балмұздақ жақсы өтелі. Экспорт баяу өсуде.
Соңғы екі-үш жылда ет те жіберіп жатырмыз: бұған дейін Қытай оны өткізбейтін, өйткені біздің өндірушілер санитарлық бақылауды қамтамасыз ете алмады.
Кейбірі ішкі нарыққа ет жеткіліксіз болып қалады деп қорқады, мен олай ойламаймын, көбірек өнім шығарсақ болғаны. Неғұрлым көп сатсаңыз, соғұрлым көп өндіресіз: сатылымсыз өндіріс өспейді, инвестиция құю қажет
Бұл біздің барлық ауыл шаруашылық саласына қатысты. Қытайда миллиардтан астам халық бар, егер біз оларды тамақтандырсақ, онда сала дамиды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау жеткілікті, бірақ мәселе мынада, тегін ақша бөлінетін жерде оны алғысы келетіндер де көбейеді. Нәтижесінде әркім ақшаны өзінше жұмсауға тырысады және іс жүзінде есепсіз жұмсалып кетеді. Бұл бағытта барынша ойластырылған саясат қажет, — деп қорытындылады экономист.