Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-8
USD
522
+6.56
EUR
544
+7.76
RUB
5.05
-0.13

Ресейді айналып өтетін транзиттік жолдарды табуға болады, бірақ бұл ұзақ және қымбат — сарапшылар

123

Еуропалық импорттың да, қазақстандық экспорттың да қомақты бөлігі Еуропаға Ресей аумағы арқылы өтеді. Қабылданған санкциялар нәтижесінде еуропалық порттардың бір бөлігі Ресей Федерациясы арқылы транзитпен келген тауарларды қабылдаудан бас тартты.

Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы кезекті макроэкономикалық шолуда отандық экономика 2022 жылдың басынан бастап тап болған бірқатар тәуекелдер мен сын-қатерлерді көрсетті. Бірден екі саяси соққы сенімді болжам жасауға мүмкіндік бермеді. Көп нәрсе Украинада жағдайдың өрбуіне байланысты және оны болжау қиын.

Санкциялар Ресейдің де, Еуропаның да экономикасына нұқсан келтіреді

АҚШ пен Еуропалық одақтың Ресейге қарсы санкциялары апта сайын дерлік антирекордтарды жаңартып жатыр және өмірдің барлық салаларына әсер етуде.

Сарапшылар мысал ретінде ЕО-ның 2022 жылғы 15 наурыздағы Жарлығын келтірді (темір мен болат мысалында):

Тыйым салынады:

  • темірден және болаттан жасалған бұйымдар Ресейден шыққан болса немесе Ресейден экспортталса, ЕО-ға тікелей немесе жанама түрде импорттауға
  • Ресейде орналасқан немесе өндірілген темір мен болаттан жасалған бұйымдарды тікелей немесе жанама түрде сатып алуға
  • Ресейден шығарылатын болса немесе Ресейден кез келген басқа елге экспортталса темірден және болаттан жасалған бұйымдарды тасымалдауды жүзеге асыруға
  • туынды қаржы құралдарын қоса алғанда, техникалық көмекті, делдалдық қызметтерді, қаржыландыруды немесе қаржылық көмекті, сондай-ақ темір мен болатты өндіру және экспорттау саласында сақтандыруды және қайта сақтандыруды тікелей немесе жанама ұсынуға

Яғни, Ресей Федерациясынан экспорттауға ғана емес, сонымен бірге басқа елдердің ЕО-ға қайта экспорттауына тыйым салынады.

Санкциялар соғысы Ресей мен Еуропалық одақтың экономикасына нұқсан келтіретіні ерекше атап өтілді.

— 2021 жылы Ресей ЕО-ның бесінші ірі сауда серіктесі болды, ол ЕО-ның әлеммен тауар саудасының жалпы көлемінің 5,8%-ын құрады

2021 жылы ЕО мен Ресей арасындағы тауар саудасының жалпы көлемі 257,5 млрд еуроны құрады. ЕО тауарларының импорты — 158,5 млрд, онда отын мен тау-кен өнеркәсібінің өнімдері басым болды, әсіресе минералды отын (98,9 млрд немесе Ресейден ЕО тауарларының импортының 62%), ағаш (3,16 млрд немесе 2%), темір және болат (7,4 млрд немесе 4,7%), тыңайтқыштар (1,78 млрд, немесе 1,1%), — дейді шолу авторлары.

ЕО тауарларының Ресейге экспорты 2021 жылы 99 млрд еуроны құрады. Ең көп үлес:

  • көліктер мен жабдықтар (19,5 млрд немесе ЕО-ның Ресейге экспортының 19,7%)
  • автокөліктер (8,95 миллиард немесе 9%)
  • фармацевтика (8,1 млрд немесе 8,1%)
  • электр жабдықтары мен көліктер (7,57 млрд немесе 7,6%)
  • пластмассалар (4,38 млрд немесе 4,3%)

Сонымен қатар, Еуропа дәстүрлі түрде Ресей экономикасына үлкен қаражат салды және керісінше. 2019 жылы ЕО Ресейдегі ең ірі инвестор болды. 2019 жылы ЕО-дан Ресейге жиналған тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) 311,4 млрд, ал ЕО-да жинақталған ресейлік ТШИ — 136 млрд еуроны құрады.

Теңгеге алдымен қаңтар, содан кейін ақпан соққы жасады

Енді санкциялар Қазақстанға да соққы болып тиіп жатыр.

Біздің импортымыздың 40%-ы — еуропалық тауарлар, ал қомақты бөлігі бізге Ресей аумағы арқылы өтеді

Бұдан өзге, экспортымыздың 29%-ы Еуропаға келеді (минералды ресурстарды қоса алғанда, 2020 жылы жалпы көлемнің 90%-ын құрады). Сарапшылар жаңа бағыттарды, әрине, уақыт өте келе табуға болатындығын ескертеді, бірақ бұл қымбатқа түседі. Демек, еуропалық тауарлардың бағасы да өседі.

Сонымен қатар, Еуропалық порттардың бір бөлігі Ресей аумағы арқылы транзитпен келген қазақстандық тауарларды қабылдаудан бас тартты.

— Қазақстандық мұнайды тасымалдау үшін ең маңыздысы Каспий құбыр консорциумы болып табылады. 2022 жылғы 20 наурыздағы апат Қазақстан үшін қазіргі жағдайда мұнай экспортының баламаларын іздеудің маңыздылығын көрсетті, — дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, сарапшылар доллардың теңгеге қатысты бағамына оқиғалардың әсері туралы айтты. Қаңтардағы оқиғалар “қазақстандық нарықтағы шетелдік инвесторлардың сеніміне нұқсан келтіріп, теңгелік активтердің тартымдылығын төмендетуден” басталды. Сол кезде валюта биржасында дүрбелең мен алыпсатарлықтың алдын алу үшін бірқатар түбегейлі шаралар қолданылды.

Ұлттық банк 12-13 қаңтарда биржаға 240 млн АҚШ долларын, яғни сауда-саттық көлемінің жартысын “құйғанын” хабарлады. Нәтижесінде бағам бір АҚШ доллары үшін 433-435 теңге ауқымында сақталды.

Украинада соғыс басталған кезде, сарапшылардың пікірінше, теңге Ресей мен Беларусь валюталарын ұстана отырып, күшейе түсті.

– 24 ақпанда USD/RUB бағамы 3,6%-ға, ал 25 ақпанда — қосымша 25,3%-ға төмендеп, сауда-саттық қорытындылары бойынша бір доллар үшін 105,7 рубльді құрады. Ресейдің сауда серіктестері — Қазақстан мен Беларусь та Украина төңірегіндегі оқиғаларға өз валюталарының реакциясына тап болды. Қазақстан теңгесі мен Беларусь рублі 24 ақпандағы қақтығыстың ушығуы аясында тиісінше 6,7% және 4,7%-ға төмендеді, – делінген шолуда.

Валюталық интервенциялар күшейе түсті

Ресейге қарсы санкциялардың бірінші пакетін енгізген кезде Ресей валютасы бір доллар үшін 118 рубльге жетті, ал доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 500-ге жетті.

Реакция соғыс басталған кезден де күшті болды. Сарапшылар мұны “Санкциялар Батыс елдерінің Ресейдің сауда серіктестері елдерімен сауда қатынастарын дамытуға күмән келтіруінен” деп түсіндіреді.

Орталық банктер валюталық интервенсияларды бастады. Біздің Ұлттық банк бір жарым айдан аз уақыт ішінде (соғысқа дейін басталған) 695 миллион АҚШ долларын инвестициялады. Оған қоса шетелдік қолма-қол валютасын әкетуге шектеу қойылды.

— Осыған қарамастан, 18 наурыздағы АҚШ долларына қатысты әлсіреу 23 ақпанға қатысты теңге үшін 15%-дан, Беларусь рублі үшін 22%-дан, Ресей рублі үшін 29%-дан асты, — деп атап өтті сарапшылар.

Жалғасы бар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз