Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Тұрғындар бір жылда 8,9 трлн теңге несие алған

Бірінші кредиттік бюро (БКБ) 2021 жылы несие беру нарығын қорытындылады. Қысқаша айтқанда: нарықтағы белсенділік барлық бағыттар бойынша өсуде, олардың көпшілігінде тарихи максимумдар орын алған. Бұл жеке тұлғаларға да, бизнеске де қатысты.

Адамдар кредитті не үшін алады?

Бірінші кредиттік бюроның деректері бойынша 2022 жылғы 1 қаңтарға бөлшек несие қоржыны 10,76 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың басына қарағанда 42,9%-ға көп (бұл сомаға банктердің ғана емес, барлық қалған қаржы институттарының да көрсеткіштері кіреді). БКБ-да қабылданған әдістемеге сәйкес, ол келесідей бөлінген:

  • кепілсіз тұтынушылық кредиттер – 5,28 трлн теңге (48,3%)
  • ипотекалық несиелеу – 3,39 трлн теңге (31,4%)
  • автонесиелеу – 1,09 трлн теңге (10,6%)
  • несие карталары – 348,3 млрд теңге (3,2%)
  • кепілзаттық тұтынушылық несиелер – 498,3 млрд теңге (5,1%)

Өсім де артуда. Бір жыл ішінде қазақстандықтар 25,67 млн несие (бір жылда +68,3%) алған, ол 6,16 млн қарыз алушы арасында бөлінген (+28,4%). Жеке тұлғаларға берілген несиелердің жалпы сомасы 8,9 трлн теңгені құрады. Орташа мөлшері — 348,3 мың теңге, медианалық – 85 мың теңге.

“Бөлшек саудада несие берудің өсу драйверлерінің бірі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу мүмкіндігі болды, бұл мультипликативтік әсер етті. Бұл ипотекалық несие берудің өсуінен де көрінеді. Ипотекалық қарыздарды беру 2021 жылы 1,92 трлн теңгені құрап, бір жылда несие берудің 77,7%-ға өскенін көрсетті”, – делінген ПКБ баспасөз хабарламасында.

Бөліп төлеу несие беру драйвері тәрізді

Бірақ ең алдымен кепілсіз тұтынушылық несиелер көбірек алуда. Олардың жалпы көлемі 2021 жылы 5,45 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 86,1%-ға ғана емес, 2020 жылы жеке тұлғаларға жалпы көлемде берілген барлық несиелер сомасынан да көп. Сарапшылар несиелеудің өсуін, оның ішінде халық арасында бөліп төлеудің кең таралуымен, сондай-ақ пандемия кезеңінің әсерімен (пандемиядан кейінгі әсер) байланыстырады.

“Бөлшек несие беруде қарыздардың 90,3%-ы ЕДБ-ге, қалған үлесі МҚҰ-на және өзге де ұйымдарға (оның ішінде мемлекеттің қатысы бар және тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге беретін ұйымдар –BNPL-bye-now-pay-later) тиесілі. Өңірлер бөлінісінде бөлшек несие берудің айтарлықтай көлемі Алматы, Нұр-Сұлтан, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарына тиесілі, олардың үлесіне 2021 жылы жалпы көлемнің 44%-ы келді”, – деп атап өтті БКБ-де.

Жаңадан бастаушылар шағын несиелерден бастайды

Тағы бірнеше қызықты цифрлар келтірейік. 2021 жыл ішінде несие беру жүйесі 333 мың жаңа қарыз алушымен толықты – азаматтардың осынша саны алғаш рет несие алды. Олар, әдеттегідей, шағын сомалардан бастаған: жартысының алған қарыздарының мөлшері 50 мың теңгеден аспайды.

Екінші мәселе несие тарихы мінсіз емес адамдарға қатысты.

“2021 жылы субъектілерді БКО беру форматын өзгертумен қатар, қарыз алушыларды жаңа мәртебе күтіп тұрды. 2021 жылғы 9 сәуірде оңалту тәртібі күшіне енді, оған сәйкес “ақталған” мәртебесі 90 күннен астам мерзімі өткен өтелген келісімшартқа беріледі, одан әрі 12 ай ішінде 30 күннен астам мерзімге кейінге қалдыруға жол берілмеген жағдайда”, — деп атап өтті БКБ-де.

Мәселен, 2021 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында 1,39 млн қарыз алушы ақталды. Осыдан кейін шамамен 40%-ы қайтадан несие алды. Жаңа қарыз ресімдегендердің 15,5%-ы (2021 жылдың сәуірінен желтоқсанның басына дейінгі кезеңде) төлем мерзімін өткізіп алды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз