Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-13
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Қазақстандық екпемен демалысқа баруға болатын елдер

268

Туристік қызмет нарығы арзан әрі қызу ұсыныстарға толы. Пандемия кезінде көптеген елдер туристердің назарын аудара отырып, демалыс бағаларын едәуір арзандатты. Қазақстандық екпемен қайда және қалай баруға болады?

Барлық жерде вакцинация паспорты қажет

– Вакцинациясыз және ПТР-тестсіз тек Қазақстанда ғана демалуға болады. Бұл құжаттар біздің туристердің сүйікті мекені Ыстықкөлге де қажет”, – дейді Туризм сарапшысы Инна Шемякина. Дегенмен, қазіргі кезеңде танымал бағыттардың көбіне қазақстандық вакцинация паспорты жарамды екенін айтады.

Вакцинаның екі дозасын да алған туристер ПТР тестін тапсырмайды, ал соңғысы ұшуға дейін екі апта бұрын жасалған болуы керек. Вакцина алмаған немесе вакцинацияның екі кезеңінен де өтуге үлгермегендер қайда барса да, коронавирусқа тест тапсыруы керек.

Еуропа, Мальдивы, Грузия, БАӘ

2021 жылдың тамыз айында демалуға арналған негізгі шетелдік бағыттардың ішінде сарапшы Черногория, Грузия, Египет (Хургада, Шарм-эль-Шейх, Марса-Матрух), Түркия, БАӘ, Мальдивы аралдарын атап өтті. Шындығында,

Мальдивке тікелей рейстер әзірге жоқ, олар қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты тоқтатылды. Олар қыркүйек айында қайтадан “ашылуы” мүмкін

– Пандемия басталғаннан бері ЕО елдерімен жұмыс істемеймін – виза алу өте қиын болып кетті. Менің достарым барып келді, оларда вакцинация паспорты бар болса да, ПТР тестін тапсыруға мәжбүр болған.

Бір қызығы, біздің вакцинация төлқұжаттарымызды Ресей мойындамайды. “Спутник V” вакцинасы ресейлік болса да, РФ-ға кірген қазақстандықтарды ПТР-тест тапсыруға міндеттейді

Сондықтан осыны есте сақтаңыз.

Грузияда вакцина алмаған және теріс ПТР тестімен келгендерге елге келген үшінші күні өз есебінен тағы бір рет тест тапсыруды талап етеді. Сондай ережелері бар.

Егер сіз БАӘ-ге вакцинация паспортынсыз, бірақ теріс ПТР тестімен баруды ойласаңыз, әуежайдан түскенде кейде сізге оны қайтадан тапсыру міндеттелуі мүмкін. Себебі симптомдары болуы мүмкін – жөтел және дене қызуы. Тест тікелей әуежайда тегін жасалады. Тест тапсыруңа міндеттей ме әлде жоқ па — бара көресіз. Мысалы, бір ай бұрын ол жаққа барғандар тест тапсырған жоқ, ал жақында басқа туристер ұшып кетті, олар тест тапсыруға мәжбүр болды.

Нәтижесін алғанға дейін қонақ үйде шамамен 48 сағат карантинде отыруға тура келеді. Егер ПТР тест оң болса, сіз екі апталық карантинде боласыз

Осыған ұқсас жағдай Мысырға барған бір отбасында болды. Тур жеті күнге жоспарланған , ал ПТР сынағы, біз білетіндей, ұшудан 3-4 күн бұрын жасалады. Барлығы ойдағыдай н демалды, бірақ әйелінің тест нәтижесі оң нәтиже көрсетті. Симптомдарының арасында тек әлсіздік пен тамағында ауырсыну бар. Нәтижесінде кіші баласы анасымен бірге сонда қалды, ал үлкен қызын ата-анасымен бірге үйіне қайтарды.

Ауру белгілері жоқ баласы бар әйел жеке корпуста, арнайы жабдықталған карантиндік аймақта тұруға мәжбүр болды

Мұндай бөлмелер қазір кез-келген қонақ үйде бар, егер жоқ болса, сізді басқа қонақ үйге ауыстырады.

Карантинде жатқан күніңе ақыны кім төлейді?

– Карантинде болған кезде,

сіздің нөмірден шығуға құқығыңыз жоқ және әр 72 сағат сайын өз есебіңізден қайта тест тапсырыңыз

Егер ПТР әрдайым оң болса, сіз оқшауланасыз.

Бұл аурудың өту ағымына байланысты екі аптаға немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Егер әрбір келесі тапсыру кезінде нәтиже теріс болса, үйге ертерек қайтуыңызға болады.

Тұру және қайту жолын кім төлейді? Аталған жағдайда шығындарды сақтандыру компаниясы өтеді, ал компанияның медициналық қызметкерлері симптоматикалық ем тағайындады

Соңында, менің клиентім үйіне аман-есен оралды. Дегенмен, баламен карантинге отырудан шаршағаны рас”, – дейді Шемякина.

Сарапшы туроператордың пакетіне кіретін сақтандыру оң ПТР-тестте коронавирус белгілері пайда болған жағдайда ғана көрсетілетінін айтты.

Карантин жағдайында сақтандыру

– Қосымша сақтандыру карантин мәселелерін шешуге көмектесті. Бірақ

егер сіздің жағдайыңыз тек карантинді ғана емес, ауруханаға жатқызуды қажет етсе, есіңізде болсын — сақтандыру барлық шығындарды өтей алмайды

Египетте ол шамамен $30 мыңды жабады. Басқа бағыттар бойынша — шамамен $10 мың. Егер сіз барлық сақтандыру сомасын тауссаңыз, қалған емдеу қаражаты сіздің есебіңізден төленеді. Жалпы, егер сіз еш қиындықсыз демалғыңыз келсе, вакцина алуды ұсынамын. Мұндай жағдайда вакцинация паспорты өте сенімді құрал. Мысалы, күйеуі мен әйелі ұшып кетті делік, күйеуінің паспорты бар, ал әйелі вакцина алмаған. Қайтарда әйелінің ПТР тесті оң нәтиже берді. Мұндай жағдайда

“байланыс” бар болса да, вакцинация паспорты бар болуына байланысты күйеуі бәрібір тест тапсырмайды, нәтиесінде күйеуі үйіне аман-есен оралады, бірақ әйелі сонда қалады

Міне, осындай ережелері бар. Ұшақта “байланыс болған” адам басқаларға жұқтыруы мүмкін деген қауіп бар. Бірақ вакцинация паспортымен оған “сәтті жол” ашады. Мұндай кезде балаларға оңайырақ – оларға әзір екпе жасалмайды,

ПТР тестті, тіпті нәрестелер үшін талап ететін тек Мальдивы

Басқа елдерге барған кезде ПТР тесттен 5-6 жасқа дейінгі балалар, Грузияға — 10 жасқа дейінгі балалар босатылады. Бірақ ережелер үнемі өзгеріп отыратындығын, түзетулер енгізілетінін ескеру керек”, — деп түсіндіреді Шемякина.

Қызу тур немесе ертерек брондау?

Инна Шемякина өрттің салдарынан және, тиісінше, сұраныстың төмендеуіне байланысты Эгей жағалауында осы маусымда Бодрум мен Мармариске қызу турлар болады деп болжайды.

– Бұлар төмен сұраныста және рейс толтыру үшін жасалады. Сондай кезде біздің туроператорлар пакеттік турларға жеңілдік жасайды. Бірақ бұл тек чартерлерге қатысты — тұрақты рейстерге қызу турлар болмайды. Күту мүмкіндігі – 50/50.

Сәл күтіп “тәтті демалысқа” қол жеткізуге болады, кейде бос орын қалмауы да — барлық рейстер сатылып, қалаған қонақ үйіңде бос нөмірлер болмауы мүмкін

Айтпақшы, қазір БАӘ-не өте тартымды бағалар бар: тамыз айында онда температура 40-тан жоғары. Бірақ адамдар бәрібір барып жатыр. Дәл сол себепті қазір Египетте де демалыс маусымы төмен. Айтпақшы, жаңа бағыт – Мерса-Матрух ашылды, оны “мысырлық Мальдивы” деп те атайды. Әрине, бағалары қымбат, бірақ жазда температура өте қолайлы. Турды алдын-ала брондау керек, бір жарым ай бұрын, қазір барлық туроператорлар ала қоймайды.

Әрине, егер вакцинация паспорты болса, бәрі оңай. Бірақ кейде чартерлер болмай қалуы мүмкін, немесе жекелеген елдер Қазақстанды “қызыл аймақ елі” деп белгілеуі мүмкін. Сосын демалушыларымызға ақшаларын қайтару ұзақ уақытқа созылып, қиындыққа түседі. Бірақ тұтастай алғанда, эпидемиологиялық жағдайды, өз қажеттіліктеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді ескере отырып, демалыс орнын таңдауға болады”, — деп қорытындылады Инна Шемякина.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз