Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-17
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Ресей Рымбаеваның сөзіне жауап берді: «Иманбек Grammy-ге лайық!»

3483

Скрипкашы Лана Мәскеуде тұрса да Қазақстандық шоу-бизнестің жаңалықтарын қалт жібермейді. Ол Grammy иегері болған жас ди-джейге қолдау білдіріп желіде жазба қалдырды.

Лана Иманбектің бүкіл әлемге танылуы жай ғана сәттілік немесе жолы болғыштық емес екеніне сенімді. Сондықтан Роза Рымбаеваның сөздері музыканттың орасан зор еңбегін түкке тұрғысыз етті.

Мен де жолы болғыш адамдардың қатарына жатамын. Ия, менің өмірімде әрдайым жолым болды және мен белгілі бір уақытқа дейін неге бұлай болып жатқанына аса мән бермедім. Бірақ қазір білімім мен өмірден түйгенімді саналы түрде салмақтай келе, сәттіліктің не екенін түсіндім: ол – бәрін дұрыс жасай білу мүмкіндігі.

Жолы болғыш адамдар, біз шынымен де атқарылған алып айсбергтей жұмыстың ұшын және өмірлік тәжірибенің бөлігін ғана көреміз!

Ал «сәттілік» сөзімен біз адамның барлық ішкі жан дүниесін құнсыздандыратын сияқтымыз!

Сондықтан, Иманбек өзінің «Грэммиін» алуға лайықты  деп толық айта аламын! Ал егер оның жасаған жұмысы біреулерге КӨРІНБЕСЕ, бұл бағалаушыға қойылатын сұрақ, ал қазіргі жағдайда бағалаушылардың еңбегін жоққа шығаруда!

Бұл тек сәттілік емес! Иманбек үшін бұл оның жарқын карьерасының тамаша бастамасы! Менің тілерім: Осы қалпыңнан тайма Иманбек!

Өмірде ешнәрсе жайдан жай болмайды. Бұл ҒАЛАМНЫҢ ЗАҢЫ!» – деп жазды Лана.

Еске салайық, Роза Рымбаеваның Иманбек туралы айтқан сөздеріне қатысты пікірлер желіде тарап кеткен болатын. Халық әртісі Grammy иегері атанған ди-джейдің «керекті уақытта керек жерден табылғанын» және «жай ғана сәттілік серік болғанын» айтты.

«Ол кәсіби музыкант емес. Бұл жай ғана жолы болғыштық. Әннің ырғағын, стилін өзгертті, мұның барлығы компьютерде жасалады. Оны автор, орындаушы немесе өңдеуші автор ретінде емес, ремикс ретінде бағалады», – дейді халық әртісі.

Иманбек Зейкенов (Imanbek)  беделді Grammy музыкалық сыйлығымен марапатталған алғашқы қазақстандық. Сыйлық диджейге бүкіл әлемде кең танымал болған «Roses» әнінің ремиксі үшін берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз