Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Фактілерді тексеру: Абай атындағы ҚазҰПУ әлемнің ТОП-5 педагогикалық ЖОО қатарына кіре ме?

266

“Абай атындағы ҚазҰПУ халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тырысып жатыр. Ол QS World University Ranking рейтингінде әлемдегі топ-5 педагогикалық университеттердің қатарына кірді”, — деп хабарлады ЖОО ректоры Дархан Біләлов журналистерге 15 маусымда өткен брифингте.

Бұл – маңызды оқиға. Оның үстіне, қазір белсенді ашылу науқаны жүріп жатыр. Алайда бұл мәлімдеме фактілерді тексеру кезінде көңілімізді қалдырды.

ТОП-5 емес, бірақ ТОП-500

Абай атындағы ҚазҰПУ QS World University Ranking рейтингінде үздік педагогикалық ЖОО арасында 5-ші орында емес, 551-560 орындарда тұр.

1 300 университет қатысқан рейтингте бұл нашар көрсеткіш емес. Бірақ тізімнің жоғарғы жағынан өздеріне орын алудың қажеті жоқ еді.

Әділдік үшін айта кетейік, “біз әлемдегі ең жақсымыз” деген секілді тактикалық қадамдарды университеттің алдыңғы басшылығынан да байқағанбыз.

“QS World University Rankings рейтингісінде ҚазҰПУ топ-5 педагогикалық ЖОО қатарына кірді. Ал аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің 2020-рейтингісінде Абай атындағы ҚазҰПУ еліміздің үздік жоғары оқу орындарының төрттігіне енді. Педагогикалық ЖОО арасында университет бірінші орынға ие болды», – деп мәлімдеді бұрынғы ректор Такир Балықбаев 2020 жылдың 22 қыркүйегінде өткен есеп беру кездесуінде. Онда қалалық мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері мен студенттер қатысқан еді.

365info медиа порталы ҚазҰУ баспасөз қызметінен университет 500+ рейтингіндегі орнынан қалайша аяқ астынан үздік бестікке шыққанын сұрады.

“Иә, 2020 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ шынымен де әлемдегі үздік бес ЖОО-ның қатарына енді, QS World University Rankings рейтингісінде 551-560 орынға дейінгі ЖОО тізіміне (2020-601-650 орын) педагогикалық бағыттағы төрт жоғары оқу орны ғана енген, ал ҚазҰПУ — әлемдік рейтингке қатысушы педагогикалық атауы бар бесінші жоғары оқу орны болды”, – деп жауап берді бізге.

Университеттің логикасына сүйенсек, егер ол рейтингте жалғыз болса, онда ол өзін әлемдегі ең жақсы педагогикалық ЖОО ретінде көрсете ала ма?

Рейтингтер үшін күрес

Қызық. 2020 жылдың мамыр айында жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісіне байланысты бұл университет “Атамекен” ҰКП-мен қатты дауластып қалған. Такир Балықбаев Қазақстанда қабылданған ЖОО бағалау жүйесімен келіспеді.

“Қазақстандық жоғары оқу орындары әлемдік рейтингтерге белсенді қатысуда. Мысалы, 2020 жылғы QS WUR рейтингіне 10 қазақстандық ЖОО кірді. Сонымен,

  • Әл-Фараби ат. ҚазҰУ – 207,
  • Л. Гумилев ат. ЕҰУ— 418,
  • М. Әуезов ат. ОҚМУ — 491,
  • Абай атындағы ҚазҰПУ — 561 орынға ие болды.

«Атамекен» көшбасшылары неге әлемдік рейтингтерде жоқ, ал әлемге танылған ҚазҰУ, ЕҰУ, ҚазҰПУ университеттері неліктен Ұлттық палата рейтингінде олардан артта қалып отыр? “Атамекен” бағалау жүйесі әлемде қабылданған жүйелерден мүлдем өзгеше. Көптеген әлемдік рейтингтер (QS WUR, the WAR және басқалары) университеттердің білім беру сапасын, түлектердің беделі мен жетістіктерін, ғылыми жетістіктерін, шетелдік студенттер мен ғалымдар үшін тартымдылығын қамтамасыз етудегі қызметінің нәтижелерін көрсетеді», – делінген М. Әуезов ҚазҰПУ экс-ректорының университет сайтындағы баяндамасында

“Атамекеннің” түсініктемесіне сүйенсек, олар түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін, оқу орнындағы білім беру бағдарламалары мазмұнының өзектілігін және білім алушылардың жетістіктерін қарастырады».

Ал енді қазақстандық ЖОО-ның 20 жастағы түлегі тұрғысынан салмақты ағалардың дауын қарастырайық. Ол қолына диплом алған соң, не істейді? Әрине, жұмыс іздейді. Ал ол жұмысты қаншалықты тез табады және қандай сыйақыға жұмыс істейді – бұл жағы маңызды емес, одан гөрі жас маманға “университеттің беделі”, “ғылыми жетістіктері” немесе “шетелдік студенттер үшін тартымдылығы” маңыздырақ.

Сондықтан әлеуметтік тұрғыдан алғанда, «Атамекен» анықтайтын “білім беру күштерін” орналастыру көрсеткіші кез-келген халықаралық рейтингтерге қарағанда әлдеқайда әділірек.

Сәнді гигантомания және халықаралық аренадағы бедел мемлекет алдында есеп беру үшін пайдалы. Шынына келсек, жаңа ректор Дархан Биляловты студенттер сайлаған жоқ, оны ұжымға таныстырған – министр. Оған қоса ол ашылу науқаны қызып тұрған шақта келді. Бәлкім, ең жақсы университеттердің рейтингіне кіргені туралы соңғы мәлімдемесі де — маркетингтік қадам болар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз