Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-6
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Әубәкіров браконьерлікке қатысты айыптауға жауап берді

166
Т. Аубакиров. Фото жеке мұрағатынан алынды

Бұған дейін бизнесмен және аңшы Батыр Сейкенов Әубәкіровтің өзінің мәртебесін пайдалана отырып, тыйым салынған аумақта аң аулағанын, тіпті аң аулауға мүлдем болмайтын кезеңде де аңшылық жасағанын мәлімдеген болатын.

Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында Әубәкіров Сейкеновтің сөздерін жоққа шығарды. Сонымен бірге ол 14 наурызда шынымен қорықтың жанындағы ауылда болғанын растады.

– Менің жасым 75-те, мен Қостанай облысының Торғай ауылына жастық шағым өткен жерлерді көру үшін келдім. Соңғы жылы коронавирусқа байланысты үйден шықпай отырдым. Ешқайда шықпаукерек, жағдай қиын, бәрімізге ауыр тиді. Көптеген достарым осы вирустан қайтыс болды. Торғайға мен ұлыммен бардым, ол барғысы келмеді, бірақ одан мені ауылыма алып баруын өтіндім, Торғайдың табиғатын өте жақсы көремін, — деді ғарышкер.

Ол өзімен бірге қару алмағанын атап өтті.

— Иен далада ауылдың аймағы аяқталып, аң аулауға болатын жерлердің басталатын нақты шекарасы жоқ. Бірақ менің аң аулайын деген ойым да болмаған. Мен ауылыма бардым. Алдымен аудан әкіміне кіріп, ұлым екеуміз қарусыз екендігімізді айттым. Осы кезде мені балалар күтіп тұр екен, Батыр Сейкеновпен бірге жұмыс істейтін тәрізді. Олар: “Неге қарусыз жүрсіз?» деп сұрады.

Мен “қазір аң аулауға болмайды, мен тек табиғатты тамашалауға келдім” деп жауап бердім.

Олар сенбеген тәрізді. Біз кешкі ас ішіп отырғанда, қару-жарақтарын көрінетін жерге қойған шығар дегендей тағы да тексеруге келді.

Олар иен далаға қалай қарусыз баруға болатынын түсіне алмады. Неден қорқамын? Қасқырлар қарда жүретін көлік моторы гүрілдеп тұрғанда шабуыл жасамайды, жабайы қабандар тіптен жақындамайды. Мен ол жерде екі күн болдым. Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанға келдім. Екі тәулік бойы қарда жүретін көлікпен серуендедік, – деді Әубәкіров.

Сондай-ақ, ол Сейкеновтың айыптауларына наразылық білдіріп, онымен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

Кейіннен Сейкенов журналистерге Әубәкіровті қарумен көрмегенін мойындады. Соған қарамастан, бұл ғарышкердің, тіпті жүруге де тыйым салынған “Алтын дала” резерватында болғанын жоққа шығармайды, – деді бизнесмен.

Өз кезегінде Экология министрлігі 2021 жылы Әубәкіровтің үш рет қасқыр аулауға өтініш бергенін, бірақ олардың барлығы да қабылданбағанын хабарлады. Браконьерліктің ықтимал фактісі әзірге тексерілуде, әзірге тек көлік іздері ғана табылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз