Киелі мекен қабырғаларында салынған петроглифтердің ерекше гигапиксельді бейнесі сіздің қиялыңызды таң қалдырады!
Бұл қабырғаларда 200-ден астам петроглифтер бар! Тастарда салынған суреттерден біз бір немесе екі ұрпақтың тарихын ғана емес 4 мың жылға жуық арадағы алмасқан кезеңді көре аламыз.
Суреттің авторы Дмитрий Ананьев өзінің Facebook-тегі парақшасында суреттің экстремальды жағдайда түсірілгенін айтады. Жұмысқа қатты суық кедергі келтірген, суретке түсіретін орынның кішкентай болғанын жазды.
Суреттер “Петроглифтерді аулаушылар” атты еріктілер жобасы аясында түсірілген.
Киелі мекенде түсірілген суреттерден барынша рахат алғыңыз келсе түпнұсқа жарияланған сайтқа өтіп барлық суреттерді тамашалаңыз.