Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мемлекет құлақ асатын мемлекет болғанымен, аз сөйлейтін болды — Әшімбаев

Бұл қызықты деректі саясаттанушы Данияр Әшімбаев өзінің телеграм-каналында жариялады. Мәселен, “квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы” президенттің 2019 жылғы 3 шілдедегі №51 Жарлығына қол қойылғаннан кейін мынадай ұйымдар құрылды:

  • “Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы” КЕАҚ (4 ақпан 2020 жыл);
  • “Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты” ЖШС (2 мамыр 2020 жыл);
  • “Turar Healthcare” КЕАҚ (30 қазан 2020 жыл);
  • “KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігі” КЕАҚ (15 желтоқсан 2020 жыл).

Бұл қалай болғаны? Жарлықтар мен заңдар оларды бұзу үшін жазыла ма? Жазба авторы толығырақ айтып берді.

Болмайды, бірақ қажет

— 28 желтоқсанда президент квазимемлекеттік кәсіпорындар құруға мораторийді ұзартты. Дегенмен жарлықты бұзып жүргендер бар және оның жауабы бар ма?

— Жарлықтың өзінде көптеген айырықша жағдайлар қарастырылған, мысалы, өте маңызды, өмірлік маңызды, келісім бойынша және т.б. Сондықтан, шұғыл қажеттілік туындаса квазимемлекеттік кәсіпорын құруға болады.

Шын мәнінде, квазимемлекеттік сектордың көптеген кәсіпорындарына қайта құрылым жасалды. Мысалы, шетелдік елшіліктердің шаруашылық мәселелерімен айналысатын “СІМ Дипломатиялық кәсіпорындарға қызмет көрсету басқармасы” АҚ базасында “Сыртқы саяси зерттеулер институты” құрылды. Және мұндай мысалдар өте көп.

Квазимемлекеттік объектілердің саны өсуінің тағы бір себебі, холдингтер мен әкімдіктер үкіметтің қарамағына сыйға тарту актілері жасалды

Мораторий кезеңінде құрылған төрт құрылымға келетін болсақ, мысалы, этносаяси зерттеулер институты кездейсоқ пайда болған жоқ. Этникалық бақылауға жауап беретін арнайы аналитикалық орган құру туралы жоба бұрыннан ойластырылып келген. Алайда оны ЖШС түрінде құрады деп ойламаппын. Мен мұндай арнайы мекемеге сәл өзгеше мәртебе қажет деп ойлаймын.

Ауруханалардың жаңа иесі

— Ал Қазақстаннан көмек жеткізетін “KazAID” Қазақстандық халықаралық даму агенттігі” елді біраз шулатты. Бұл да кездейсоқ жасалмаған ұйым ба?

— Қателеспесем, бұл президент бастамасы. Агенттік мораторийдің ішіндегі айырықша жағдайларды ескере отырып, құрылғаны түсінікті.

Жаңа квазимемлекеттік құрылымдар тізімінен “Turar Healthcare” КЕАҚ көбірек қызығушылық тудырады. Үкімет 40 ескі аурухананы бұзбақшы дедік қой — Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, ескірген ауруханаларды. Олардың орнына 15, ал соңғы мәліметтер бойынша 20 жаңа заманауи аурухана салмақшы. Бұл ретте құрылыс мердігері оларды басқару жөніндегі оператор да болады. Бұл бастама Елжан Біртанов кезінде айтылып, Цой кезінде одан әрі жалғасын тапты. Дегенмен, одан бері бұл туралы үкімет пен денсаулық сақтау министрлігінен ешқандай түсініктеме берілген жоқ.

Шамасы, жоба жоғарыда мақұлданған. Жұмыс істеп тұрған 40 аурухананы бұзу туралы мәселе тыныш шешіліп жатқанына қарағанда, жобаға өте беделді адамдар қатысатын сияқты

Мен Цой мырзаға “Неге тек бұзу керек?” деп сұрақ қойдым. Ол ауруханалардың бәрі тозған, құлағалы тұр деп жауап берді. Егер солай болса, сұрақ туындайды — медициналық инфрақұрылымды жөндеуге және оны жұмыс жағдайында ұстап тұруға арналған ақша қайда кетті? Жұртшылықпен талқылауға ешкім қатыспайды. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі ешкімді жұмыстан шығармауға және барлық босатылған қызметкерлерді жұмысқа қайта орналастыруға уәде берді.

Бірақ құрылыс операторы барлық аурухананы басқарушы болып қалай тағайындалады деген сұрақ туындайды? Яғни, бұзу мен қайта құрудан кейін іс жүзінде барлық мемлекеттік ауруханалар жаңа мәртебеде жекеменшік болады. Бұл назар аударарлық тақырып. Алайда, билікте ешкім оны талқылағысы да, түсіндіргісі де келмейді.

Олар ести бастады, бірақ сөйлеспейді

— Бұл КЕАҚ-ды кім басқарды?

— Шамасы, кадрлық шешім әлі қабылданбаған сияқты, өз басым көрмедім. Әзірге кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтіп жатыр. Басшының немесе басшы лауазымына ықтимал үміткердің деректері әлі жарияланған жоқ.

Соңғы кездері осындай әрекеттер жиі болып кетті — мемлекет құлақ асады, бірақ өзі аз сөйлейді

Нормативтік құқықтық актілер, белгілі бір шешімдер, кадрлық өзгерістер туралы ақпарат аз жарияланады. Сондықтан мемлекетіміздің транспаренттілік деңгейі көптеген мәселелерде жақсартуды қажет етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз