Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-6
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Ресейдегі Қазақстан Елшісі Астрахань облысының губернаторымен кездесті

Тараптар бүкіл ынтымақтастық ауқымы бойынша кең көлемдегі мәселелерді талқылап, шекара маңындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.

И. Бабушкин Қазақстанды Астрахань облысының негізгі шетелдік серіктестерінің бірі деп атады. Қазіргі уақытта ынтымақтастық сан алуан бағыттарда: сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, мәдениет, туризм, медицина және білім беру бойынша жүргізіледі.

Губернатор сонымен қатар Астрахань облысында осы өңірде ғасырлар тұрып келе жатқан ұлт өкілдерінің арасындағы бейбітшілікті, келісім мен өзара түсінушілікті дамытуға көп көңіл бөлінетінін еске салып өтті. Қазақтар аса ірі этникалық қауым болып табылады және Ресейдегі қазақтардың басқа өңірлік қауымдары арасында сан жағынан бірінші орында.

Кездесуге қатысушылар екіжақты байланыстардың әлеуеті әлі де сарқылмағанын және оларды арттыру үшін жақсы мүмкіндіктердің бар екендігін атап өтті. Келешегі мол бағыттардың арасында – Астраханьда шекара маңындағы сауда орталығын құру, өзара өнім жеткізуді арттыру, Қазақстаннан кеме құрылысына тапсырыстар тарту, Каспийде жаңа круиздік бағыттар ашу.

Губернатор өңірде кемежайлық ерекше экономикалық аймақ құру, «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізін дамыту туралы айтып берді және қазақстандық бизнеске жобаға белсенді түрде қатысуды ұсынды.

Елші пандемия кезінде көрсетілген көмек үшін өңір басшысына алғыс білдірді. Ол Астрахань облысы бірінші болып көмек ұсынып, тек қорғаныш құралдары мен дәрі-дәрмек қана емес, сонымен қатар тәжірибелі дәрігерлерді де жібергенін атап өтті. Елші сонымен қатар губернаторға ұсынылған таяудағы уақыттарда Қазақстанға келуге  шақыруды растады.

Биыл COVID-19 пандемиясы салдарынан Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының ауыстырылғанына қарамастан, кездесуге қатысушылар туындаған міндеттерді ағымдағы форс-мажорлық жағдайлардың өзінде шешу қажеттігін және оларды шешу жолдарын бірлесіп іздеу керектігін атап өтті.

Астраханьдағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесудің барысында Елші олардың пандемия жағдайларында Ресейде болуы мен білім алуларының әртүрлі аспектілерін талқылап, отандастарымыздың сұрақтарына жауап берді. Қазіргі уақытта өңірдегі жоғары оқу орындарында 1800-ге жуық Қазақстан азаматы оқиды.

Сапар шеңберінде Елші сонымен қатар Астрахань қаласының Бауырластар бағындағы «Мәңгілік алау» мемориалына гүл қойды. Ол неміс фашистерінің басқыншылығына қарсы бірлескен күресті есте сақтаудың және жастарды ата-баба ерліктерінің үлгісінде тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз