Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Соңғы 20 жылдағы өлімнің негізгі себептері

904

2000 жылы өлім-жітімнің ондаған негізгі себебінің ішінде байланыс арқылы таралмайтын төрт ауру болса, 2019 жылы олардың саны жетіге жетті.

2000 жылмен салыстырғанда әлемдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 6 жылға өсті — қазір ол 73 жылдан асады, ал 20 жыл бұрын — шамамен 67 жас болған.

Сонымен, адам өмірін жалмайтындардың анти-рейтингі мынадай

10-орын: бүйрек аурулары

Нашар су, нашар тамақ, нашар ауа-райы өз дегенін жасайды. Бүйрек ауруларының асқынуы көп жағдайда адам өліміне әкеледі.

9-орын: қант диабеті

2020 жылы бұл ауру өзін “бар қырынан көрсетті” — осы аурумен ауыратындар қант диабетін асқындырып жіберетін коронавирусқа шалдығып, өмірден озды.

8-орын: диарея (жұқпалы ауру)

Осы уақытқа дейін әлемнің көптеген елінде таза су мен таза өнімдер мәселесі өзекті болып тұр. Миллиондаған адам сапасы күмән туғызатын тамақ ішуге мәжбүр. Нәтижесі көбіне қайғылы…

7-орын: Альцгеймер ауруы және деменцияның басқа түрлері

ДДҰ сарапшылары әйелдер бұл аурулардан көбірек зардап шегетінін айтады: өлімнің 65%-ы соларға тиесілі.

6-орын: кеңірдектің, бронхтың және өкпенің қатерлі ісігі

Темекіні тастауға жақсы себеп, иә? Әсіресе, дем алатын ауа темекі түтінінен тазарырақ емес екенін еске түсіргенде.

5-орын: неонаталдық аурулар

Неонаталдық аурулар — ДДҰ жалпы әлемдік тізімінде бесінші орында, бірақ табыс деңгейі төмен елдерде бұл өлім-жітімнің басты себебі болып қала береді. Алайда, ұйым атап өткендей, соңғы жылдары туу кезінде қайтыс болғандар саны күрт төмендеді: 2019 жылы 2 миллион жаңа туған нәресте қайтыс болды, яғни 2000 жылмен салыстырғанда 1,2 миллионға аз.

4-орын: төменгі тыныс жолдарының инфекциясы (жұқпалы ауру)

Пневмония, бронхит, тұмау, көкжөтел — ересектер мен балаларды өлтірушілердің бірі.

3-орын: өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

ӨСОА емделмейді. Одан көптеген адамдар қайтыс болады. Қауіп факторлары қарапайым: темекі шегу, лас ауа, нашар денсаулық.

2-орын: инсульт

Тағы да — теріс өмір салты, қандағы холестериннің жоғары деңгейі, темекі мен алкогольді шамадан көп тұтыну, стресстің жоғары деңгейі — мұның бәрі баяу, бірақ сөзсіз инсультқа әкеледі… және ол көбінесе тікелей қабірге апарады.

1-орын: жүректің ишемиялық ауруы

Әлемде өлімнің негізгі себебі жүректің ишемиялық ауруы болып қала береді — бұл әлемдегі барлық өлімнің 16% құрайды. Сонымен қатар, соңғы 20 жыл ішінде осы аурудан қайтыс болғандар саны 2 миллионға өсті — жылына 9 миллионға дейін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз