Екі жасар бала Қытайдың Аньхой провинциясының Хэфэй қаласындағы биік ғимараттың 13-ші қабатының терезесінен құлап, ғайыптан аман қалды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша әкесі ұйықтап жатқан екі жасар баланы пәтерде жалғыз қалдырып, жұмыстарымен шығып кеткен. Бала оянып, жатын бөлмесінен шыққан.
Ол 13-ші қабаттың терезесінен құлап, төмендегі қабаттағы терезенің қорғаныс торына ілініп қалады. Көршісі балконының сыртынан ілулі тұрған баланы байқап, көмекке беруге асыққан.
Өрт сөндірушілер мен көршілер Қытайдағы биік ғимаратта ілулі тұрған екі жасар баланы құтқарып алады. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсірген. Жазбадан өрт сөндірушілердің торды кесіп, баланы қалай шығарып алғанын көруге болады.
Бала қандай да бір жарақат алды ма, жоқ па, хабарланбайды.