Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ресейде бір күнде 24 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды

155
Сурет: AP Photo / CDC

Өткен тәулікте 24 318 адамда коронавирус анықталды, олардың төрттен бірінің (24,4%) ауру белгілері жоқ, деп хабарлайды РИА Новости. 461 адам қайтыс болды, ауруханалардан 24 758 адам шығарылды. Індет анықталғандардың көпшілігі — 6902-сі Мәскеуде тұрады, бұл жаңа максимум (кешегіден 464 адамға көп).

Бір күн бұрын COVID-19-дың 23 610 жағдайы тіркелгені туралы хабарланды. Бір тәуліктегі өсім қарқыны 1,2 пайыз деңгейінде қалып отыр. Жұқтырғандардың жалпы саны 2 039 926-ға жетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, әлемде 56 миллион адам вирус жұқтырды, оның 1,34 миллионы қайтыс болды. Індет анықталғандардың көбі, 11,2 миллионы АҚШ-тан. Үндістан, Бразилия, Франция, Ресей, Испания, Ұлыбритания, Аргентина, Италия және Колумбияда да вирус жұқтырғандардың саны бойынша жоғары деңгейде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз