Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Салық тырмауышы: көлеңкелі экономикамен күрестің соңы неге алып келеді?

189
Сурет: Рixabay

17 қарашада Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады. Қазақстанда акцизделетін өнімдерге ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жоба 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап, ал ЕАЭО алу тізбесіндегі тауарлар бойынша 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап іске қосылады.

ТІЖ деген не?

2014 жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойып, бір жылдан кейін Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды. Бұл ретте өңірлік бірлестіктің кедендік мөлшерлемелері ДСҰ-дағы мөлшерлемеден жоғары. Қазақстандықтар тауарды неғұрлым төмен мөлшерлемемен ала алатындықтан, ЕАЭО-ның қалған елдері өздерін кері экспорттан қорғағысы келеді.

Сондықтан интеграциялық бірлестіктің құжаттарында Қазақстанда есеп жүйесін құру қажеттілігі туралы норма пайда болды.

Мұндай жүйені құру әрекеті есепке алу құралы ретінде ТІЖ-ні қолдануға  себеп болды

Жүйе негізінен Ресейді Қазақстандық арзан тауарлар ағынынан қорғауға тиіс еді. Бұл үшін ЕАЭО-ның алып қою тізбесі де бар, оған сол тауарлар да кірді.

Егер ҚР Салық кодексінің 412-бабының екінші тармағын мұқият оқып шықсақ, бір маңызды жағдай айқын болады. Билік ТІЖ арқылы тек ДСҰ баждары бойынша әкелінген тауарлардың кері экспортын шектемейді. Олар оны бүкіл тауар массасына таратты. Енді Қазақстанның ЕАЭО аясындағы міндетіне ірі көтерме саудадан бастап ұсақ бөлшек саудаға дейінгі тауарлар қозғалысының барлық тізбегі кіреді.

Қазақстанның Тікелей Сатылымдар Қауымдастығының атқарушы директоры Анастасия Калашникова елді ешкім қатаң міндеттемелер алуға мәжбүрлеген жоқ деп санайды.

«Біз өз еркімізбен есепке алу жүйесіне Алып қоюдың барлық тізбесін енгіземіз. Оның Қазақстанда, Ресейде немесе үшінші елдерде өндірілгені маңызды емес. Яғни, осы екі елде өндірілген тауар ЕАЭО-ның басқа елдері үшін тәуекелдерге ұшырамайды. Ол тең бәсекелестік жағдайда шығарылды», — деп қосты ол.

Тоқ етерін айтпайды

ТІЖ-ні енгізуге қатыты жағдай «День сурка» фильмін еске салады. Алдымен, 2017 жылы Салық кодексіне тиісті норма енгізу жоспарланған болатын, бірақ оның жаңа редакциясының қабылдануына байланысты ол 2020 жылға ауыстырылды. 2019 жылғы қазанда Қаржы министрлігі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ТІЖ енгізу туралы бұйрық шығарады.

Содан кейін цифрлық Қазақстан жобасына төнген қауіпке байланысты мерзім 2020 жылдың сәуіріне ауыстырылады. Сол жылдың наурыз айында ТІЖ локдаун мен ковидті сылтауратып шілдеге, содан кейін қазанға қалдырылды.

Қазан айында Қаржы министрлігі 2021 жылы ТІЖ кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлаған болатын.

Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының негізін қалаушы және директоры Дмитрий Казанцев бұл абыр-сабырдың барлығын Қаржы министрлігінің МКК-нің дайын еместігімен түсіндіреді.

«Бизнес өтініш еткендіктен ТІЖ енгізу мерзімі кейінге шегеріледі. Барлығы МКК-ның дайындығының болмауына байланысты. Яғни онда өнімді қолмен ұстап көретін қажетті модуль жоқ. Жалпы жоба сол себепті сәтсіз аяқталды деп есептеймін», — деді спикер.

Калашникова да мемлекеттік органдардың техникалық жоспардағы проблемалары бар  деген пікірмен келіседі.

«Олардың АЖ («Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесіне) қатысты проблемасы жоқ. Шамасы, бағдарламашылар бағдарламалық өнімнің сипаттамасын әлі бере алмай жатқан сияқты», — деді қауымдастық өкілі.

Барлығы айдан анық

Негізінде, МКК ТІЖ арқылы кез келген ірі дистрибьютор ұсақ саудагерге жіберетін өнімді анықтағысы келеді.

Бұл салық органдарының жергілікті жерде салық төлеуден жалтаратындарды анықтау жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді

Кәсіпкерлік қоғамдастықтың пікірінше, билік бірден төменнен жоғары қарай жүре алар еді. Мысалы, шағын саудагерлердің есебін жеңілдете алады, сондықтан оларға ашық жұмыс істеу пайдалы болады.

«Бұл жерде күрделі ештеңе жоқ. Сауда нүктесінің ауданына немесе орналасқан жеріне қарай бір нақты соманы белгілеу керек. Сонда олардың бәрі ісін заңдастырылады және оларды ТІЖ арқылы шығарудың қажеті болмайды», — дейді Калашникова.

Казанцевтің айтуынша, бұл жоба жүк көліктеріне де, кәсіпкерлерге де көмектеспейді.

«Бұл мемлекетке көлеңкелі экономикамен, «жасырын» тауардың жеткізілуімен күресуге ғана көмектеседі. Бірақ бизнестің жұмысын одан әрі қиындатады. Ал бухгалтерлер тәулігіне 24 сағат, 7 күн бойы жұмыс істеуі керек болады. Неліктен? ЕАЭО шеңберіндегі тауар үшін ТІЖ шекарадан өтуден бір күн бұрын жазылуға тиіс. Қазақстан ішінде жүктерді тасымалдау үшін ТІЖ мереке және демалыс күндерін есептемегенде, сол күні жазылуға тиіс», — дейді ӨКП басшысы.

Айырмашылығы қандай?

Қазір Қазақстанда «электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі жұмыс істеп тұр. Ол арқылы билік ТІЖ енгізуге тырысады.

Бірақ Казанцев ЭШФ бойынша  қатаң уақыт шектеуі жоқ дейді.

Қазірдің өзінде МКК шот-фактуралар бойынша кез келген тауардың ел ішінде де, одан тыс жерлерде де қозғалысын оңай бақылай алады

Сондықтан ТІЖ  — бұл шот-фактураны қайталайтын пайдасыз құжат.

«Жаңа құжатты енгізудің орнына электрондық шот-фактураны біршама қиындату оңайырақ. Бұл жұмыс процесін қиындатқаннан басқа ештеңе әкелмейді», — деді Калашникова.

Қазақстанда  ТІЖ-сіз де тауар ағындарының мониторингі толық бақылауда. Егер тауар елде өндірілсе, кәсіпкер электрондық шот-фактураны алады. Онсыз ешкім Ресейге тауар жібере алмайды.

«Бір жағынан, бизнес ТІЖ енгізуге дайындалу үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге үлкен қаржылық шығын керек. Екінші жағынан, мемлекеттік органдар қолданыстағы жүйеге қосымша модуль жазатын адамдарды жалдауы керек. Сол Еуропалық Одақта мұны тек кіріктірілген функция ретінде енгізуге болады. Бұл өте қымбат рахат», — дейді Калашникова.

Казанцевтің айтуынша, кәсіпкерлердің ТІЖ қажеттілігі бойынша миллион сұрақтары бар, бірақ оларға ешкім жауап бермейді. Тікелей сату орталығының өкілі де бұл мәселеге наразы, бірақ ТІЖ мен ЭШФ арасындағы айырмашылық туралы айтып берді.

«Егер ресми белгі бойынша алатын болсақ, ТІЖ-де ЭШФ-ға қарағанда үш қосымша тармақ бар. Атап айтқанда, ТІЖ-ге таңбаланған тауарларды, сондай-ақ көлік құралын салу мүмкіндігі пайда болады. Яғни, кәсіпкер тауарды қандай нақты көлік құралына жүктейтінін бірден жазуы керек», — дейді сарапшы.

Бір жақты пікірге сүйеніп қорытынды шығаруға болмайды

Бір жіберген қателікті тағы да қайталай ма?  ТІЖ-ге қатысты барлық жағдай  өз қателігімізден сабақ алмайтынымызды көрсетеді.

Қазақстан бұған дейін мұндай қателіккке жол берген. Ел 2000-шы жылдары тауарға берілетін қағаз түріндегі ілеспе жүкқұжаттардан бас тартты. Бұған жолдағы полиция тарапынан  жасалатын жаппай сыбайлас жемқорлық себеп болды. Егер жүргізушілердің  жүкқұжаттары жоқ екені анықталса, бірден айыппұл салынатын. Түбіртек берілмейтін, сондықтан мемлекеттік бюджетке емес, біреудің қалтасына кететін.

 2021 жылы  қайтадан жергілікті жерлерге ТІЖ арқылы бақылауды тапсырған кезде, сыбайлас жемқорлықтың қайта өршуіне  ықпал етеміз

Бірақ кез келген өмірлік жағдайдағыдай, бір мәселеге түрлі көзқарас бар. «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Олег Алферов ТІЖ-ге көшу кедендік бақылауды цифрландыру жөніндегі қадамдардың бірі ғана дейді.

«Ол ондағы рәсімдеу және өткізу процестерін жеңілдетуі керек», —деді Алферов.

Калашникова басқа пікірде:

«ТІЖ енгізу үшін барлық үдерісті жаппай автоматтандыру қажет. Ірі бизнес бұған дайын да шығар, ал шағын және орта бизнес жай ғана құлдырайды», —деп қорытындылады ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз