Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Тауарларды импорттауға көп қаржы жұмсаймыз, экспорттан түсетін пайда әлдеқайда төмен

179
Дереккөзі — 112.ua

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2020 жылдың 9 айында Қазақстан $27 млрд 497,4 млн сомасына тауар импорттады, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға төмен.

Қыркүйекте импорттық өнім бойынша мәмілелердің жалпы сомасы $3 млрд 721,5 млн-ды құрады, осылайша, төртінші ай қатарынан импорт көлемі экспорттан асып түсті ($3,47 млрд). Ақша қайда жұмсалып жатыр?

Ең басты импорттық тауар — тоңазытқыштар

Қыркүйекте Қазақстан $372,7 млн төлеп, 12,9 мың тонна тоңазытқыш-мұздатқыш жабдық сатып алды, бұл импорттың жалпы көлемінің шамамен 10%-ын құрайды. Корея негізгі жеткізуші болды, оған 354 миллион доллар жұмсалды.

2020 жылы дәл осы тауар позициясы сұранысқа ие. 9 айдың ішінде тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықты сатып алуға $1,6 млрд астам доллар жұмсалды (оның 1,44 млрд-ы Кореяға кетті). Бұл:

  • 2019 жылмен салыстырғанда 11 есе көп ($146,6 млн)
  • Қазақстан шетелге сатқан газдан түскен пайдадан көп ($1,49 млрд)
  • бидай, меслин, арпа және ұнды жиынтық сатудан түскен түсімнен 39%-ға артық

Айта кетер болсақ, қыркүйек айындағы импорт көлемі рекордтық деңгейде емес. Мысалы, тамыз айында шетелден 418,2 млн долларға жабдық әкелінді. Бірақ тағы бір өнеркәсіптік тауарды: ауа және вакуумдық сорғылар мен компрессорларды жеткізу көлемі әлдеқайда төмендеді. Бұл биыл импортталатын көлемі жоғары екінші тауар ($1,14 млрд). Негізгі жеткізуші тағы да Корея – $942,9 млн.

Сорғыларға сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе өсті, бірақ қыркүйек айында көлемі төмендеді. Тамыз айында 262,5 млн доллар болса, қыркүйекте $52,2 млн.

 

Киім мен телефонға сұранысы артты

Қыркүйекте кейбір тауар позицияларына сұраныстың өскені байқалады. Соның ішінде ұялы телефондар мен байланыс жабдықтары ерекше сұранысқа ие болды. Тамыз айында сатып алу көлемі $101 млн, қыркүйекте – $150,5 млн болды.

Елдегі өнеркәсіп бес ай қатарынан шығынға батты

Негізгі жеткізушілер: Вьетнам ($65,3 млн) және Қытай ($54,7 млн). 2020 жылдың 9 айында осындай өнімнің импорт көлемі $708,8 млн-ды құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 16,4%-ға артық.

Киімге де сұраныс артты. Қыркүйек айында бұл өнімнің жалпы құны $95,9, ал тамыз айында $66,4 млн болған еді. Бүкіл көлемнің 40%-дан астамын Қытай қамтамасыз етті ($40,9 млн). Жеткізушілер қатарында Түркия ($13,8 млн) және Ресей ($25,4 млн) бар.

Небәрі 9 айда республика 459,9 миллион долларға киім импорттады.

Қазақстан компьютерлерді көбірек кіргізе бастады. Қыркүйек айында бұл тауар үшін 84,8 миллион доллар берілді, ал тамыз айының көрсеткіші біршама қарапайым болды ($51,2 миллион). Негізгі жеткізуші – Қытай. Бір ай ішінде аспан асты елінен $66,9 млн-ға, жыл басынан бері – 263,6 млн-ға тауарлар әкелінді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,3%-ға артық.

Сонымен қатар, қыркүйек импортына тән келесі үрдістерді атап өткен жөн:

    • Әкелінген дәрі-дәрмектердің құны тамыз айымен салыстырғанда төрт бір есеге төмендеді. Қыркүйек айындағы көрсеткіш — $85,4 млн (тамыз — $116,6 млн).
    • Шетелдік автомобильдерге сұраныс артты. Жеңіл автокөліктердің импорты бір айда $39,3-тен $51,2 млн-ға дейін, жүк көліктері – $14,5-тен $27,4 млн-ға дейін, арнайы көлік құралдары –$5-тен $12,7 млн-ға дейін өсті.
    • Бірақ республикаға шина мен доңғалақ қабы азырақ әкеліне бастады. 30,8 миллион долларға 662,7 мың дана (тамыз айында 31,1 миллионға қарсы) жеткізілді. Қыстың жақындауы нарыққа мүлдем әсер еткен жоқ. Өткен 8 айда орташа есеппен ай сайын 523,4 мың шина мен доңғалақ қабы әкелінді.
    • Құрылыс техникасына да сұраныс артты. Мысалы, бульдозерлер, грейдерлер, экскаваторлар мен басқа да осындай техниканың импорты бір айда екі есе өсті – 22,6-дан 44,1 млн долларға дейін. Қыркүйек айында республикаға 749 бірлік әкелінді.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз