Қытайдың Чунцин қаласында Ұлыбританияның бас консулы Стивен Эллисон өзенге батып бара жатқан қызды құтқарып қалды. Осы сәттің видеосы әлеуметтік желіде белсенді түрде таралды, ал Эллисон нағыз қаһарманға айналды.
Оқиға Чунцин қаласының маңында болған. 24 жастағы студент тастарға сүрініп, суға құлап қалды, судың ағыны қызды он көпірдің астына алып кетті. Біраз уақыттан кейін қыздың денесі судың бетіне шықты, ол есінен танып қалған екен. Айналада адамдар көп еді, қыздың жағдайына алаңдаушылар көп болғанымен, оны құтқаруға ешкімнің батылы жетпеді… Тек 61 жастағы шетелдік адам ғана жағдайға бейжай қарай алмады, кейін оның дипломат екені белгілі болды.
Қытайдың әлеуметтік желілерінде Эллисонды «ағатай» деп атады. BBC-ге берген сұхбатында бас консул қыздың Вуханнан Чунцинге оқуға келгенін айтты. Оның отбасы дипломатты қонаққа шақырды және құтқарғаны үшін ризашылығын білдірді.