Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қытайға біздің мұнай керек емес, оны енді Грекия сатып алып жатыр: экспорт динамикасы

246

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылдың 9 айында қазақстандық тауарлар экспортының жалпы көлемі 35,3 млрд долларды құрады. Бұл 2019 деңгейінен 18%-ға аз. Сонымен қатар, қыркүйек айында шетелдік сатылым соңғы 3 айда ең жоғары деңгейде болды:

  • Шілдеде шетелдік сатылымдар 2,6 млрд долларды құрады
  • тамызда – 3,2 млрд
  • қыркүйекте – 3,47 млрд

Алайда, бұл әлі де төмен көрсеткіш болып қала береді. Салыстыратын болсақ, бірінші жартыжылдықта экспорттың орташа айлық көлемі 4,3 млрд доллардан асты.

Мұнайдың сатылымы Еуропадағы сұраныс деңгейіне байланысты

Дәстүрлі түрде экспорттың жалпы динамикасы мұнай саудасына байланысты. Қыркүйек айында шетелге 5,1 млн тоннаға жуық мұнай сатылды. Бұл тамызбен салыстырғанда төмен көрсеткіш, ол кезде 6,3 млн тонна шетелге жөнелтілген еді. Бірақ сатудан көбірек пайда түсті, 1 миллиард 576,9 миллион доллар. Ал  бір ай бұрын 1,34 миллиард болған еді.

Осылайша, бір ай ішінде экспорттың орташа бағасы 45%-ға, тоннасына 212,5-тен 307,2 долларға дейін өсті. Осының арқасында мамыр айынан бастап ең үлкен айлық табысқа қол жеткіздік.

Тамыз айында қазақстандық мұнайдың негізгі сатып алушылары болған төрт ел мәмілелердің нақты көлемін қысқартты:

Қазақстанда банктерді жабудың соңы неліктен қылмыстық іспен аяқталады?

  • Италияға жеткізу 2,2 млн тоннадан 1,3 млн тоннаға дейін төмендеді. Бұл ретте мәмілелердің құны 512,3 млн доллардан 402,5 млн долларға дейін төмендеді
  • Нидерландыға сату тамыз айында 839,6 мың тоннадан (184,8 млн доллар) қыркүйек айында 499,3 мың тоннаға (150,8 млн доллар) дейін төмендеді
  • Қытай біздің мұнайды сатып алуды мүлдем тоқтатты. Бір ай бұрын 721,4 мың тонна болса, қазір небәрі 11,8 мың тонна. Тиісінше,  пайда да қысқарды: тамыз айында 140 миллион, қазір 3 миллион доллар
  • Швейцарияға нақты сату көлемі 449,3 мың тоннадан 344,7 мың тоннаға дейін төмендеді, бірақ бұл ретте мәмілелер көлемі 91,7 млн доллардан 100,6 млн долларға дейін өсті.

Үндістан ең көп сатып алушылар қатарында

Мұндай жағдайда экспортты кімдердің есебінен өсіруге болады? Бірінші кезекте Еуропа елдерінің есебінен. Қыркүйек айында Грецияға мұнай сатудан 165,4 миллион доллар пайда көрдік (тамыз айымен салыстырғанда 83,4 миллион долларға артық).

Финляндияға (63,8 млн), Польшаға (34,2 млн) және Болгарияға (22,9 млн) жеткізу басталды – тамызда Қазақстан бұл елдерге мұнай сатпаған еді.

Сатудың кейбір дәстүрлі бағыттары бойынша сату көлемі артты, олар: Франция (120,2 млн, + 71,5 млн), Румыния (137,9 млн, +58,3 млн) және Испания (75,4 млн, + 49,1 млн).

Бір айдың ішінде Үндістанға жіберілетін экспорт көлемі ең жоғары деңгейге жетті. Қыркүйек айында мұнайды сатудан 116,1 миллион доллар табыс түсті, бұл тамыз айымен салыстырғанда 10 есе көп.

2020 жылдың 9 айында Қазақстан шетелге 55 млн тонна мұнай саттық, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгейден 7,6%-ға артық. Бұл ретте сатудан түскен түсім әр тоқсанға шаққанда өткен жылғы 24,9 млрд доллармен салыстырғанда 18,7 млрд долларға төмендеді. Ағымдағы жылы шетелге 3,9 млн тоннаға артық мұнай сатылғанымен, түскен пайда 6,2 млрд долларға кем болды.

Мұнайдан басқа не бар?

Қыркүйек айында республиканың негізгі экспорттық тауарларының қатарына күтпеген жерден «жер үсті көлігі құралдары, ұшу аппараттары, жүзу құралдары және көлікке қатысты құрылғылар мен жабдықтар» қосылды.

Бір айдың ішінде сатылымның жалпы көлемі 120,4 млн долларды құрады – өткен 8 айда мәмілелердің жиынтық көлемі 379,1 млн долларды құрады, бір қызығы, қазақстандық көліктің негізгі сатып алушылары АҚШ (35 млн доллар), Нидерланды (39,7 млн) және Өзбекстан (12,9 млн) болды.

«Қорғаста» алым-салық тыйылар емес — депутаттар

Бұдан басқа:

  • Ферроқорытпалардың экспорты айтарлықтай өсті. Егер тамыз айында оларды сату 103,4 миллион доллар пайда әкелсе, қыркүйекте — 190,7 миллионға жетті, Қытаймен транзакциялардың өсуі негізгі себеп болды (тиісінше, 40,7 миллион және  99,4 миллион)
  • Бидай мен меслиннің экспорты бір айда 71%-ға —  109,9 млн долларға дейін өсті. Өсімді Өзбекстан (44,5-тен 67,2 млн-ға дейін) және Тәжікстан (15,1-ден 25,8 млн долларға дейін) қамтамасыз етті. Бидай ұнын сатудың қарқыны артуда — +55,7% — 44,5 млн долларға дейін
  • Бейорганикалық химия өнімдерінің экспорты бәрінен де қысқарды – 315,3-тен 180,7 млн долларға дейін төмендеді. Ресейге (94,1 миллионнан 49,3 миллионға дейін) және Үндістанға (76,4 миллионнан 2,1 миллионға дейін) сату төмендеді)
  • Кейбір басқа негізгі өнімдерді сату көлемі де төмендеді: мыс (25,2 млн-ға — 202,9 млн-ға дейін), мырыш (20,5 млн-ға-47,6 млн-ға дейін), жалпақ прокат (14,9 млн-ға-86,3 млн-ға дейін).

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз