Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазан айында халық күніне 100 құйма сатып алып отырған

135
Сурет: ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық Банкі 2020 жылдың маусым айынан бастап халыққа ай сайын сатылған алтын туралы ақпаратты жариялай бастады. Бұл қымбат металға сұраныстың артуымен сәйкес келді. Ведомствоның хабарлауынша, мамыр айында қазақстандықтар жалпы салмағы 62,2 кг болатын 1 467 құйма сатып алған.

Уақыт өткен сайын сатылым көлемі қарқынды арта бастады:

  • маусым айында халық жалпы салмағы 109,6 кг болатын 1 980 алтын құйманы сатып алды.
  • шілде – 2 712 құйма –  113,1 кг
  • тамыз – 2 353 құйма –  112,5 кг

Күздің басталуымен сұраныс төмендеді. Қыркүйек айының көрсеткіштері салыстырмалы түрде аз, 65,2 кг болды, ол 1 480 алтын құймаға бөлінді. Бұған қымбат металдарға әлемдік бағаның төмендеуі және теңге бағамының тұрақтануы себеп болуы мүмкін.

Алайда қазан тағы да өсім қарқынымен ерекшеленді. Халық жалпы салмағы 127,6 кг болатын 3066 алтын құйманы сатып алды. Салыстыратын болсақ, қаңтар-сәуірде барлығы 103,7 кг, 3 216 құйма сатылған еді.

 

Жаңа сатып алушылар

Қазан айында сатып алынған құйманың орташа салмағы 41,6 г болды. Бұл мамыр айынан бергі ең төменгі мән. Маусым айында шарықтау болды, ол кезде сатып алудың орташа салмағы 55 г-нан асты. Бұл қазақстандықтар көлемі шағын алтынды жиі сатып ала бастағанын білдіреді. Өз кезегінде бұл факт алтынның ҚР халқының көпшілігі үшін жинақтау тәсілі болғанын айғақтай алады.

«2017 жылдан бері жалпы салмағы 1,37 тонна болатын 37 754 алтын құйма сатылды. Сатып алушылар арасында салмағы 10 г құймаға сұраныс жоғары. Оның жалпы сату көлемдегі үлесі 25% – 9 505 дана, деп хабарлады Ұлттық Банк. Ары қарай:

100 г – 23% (8 524 құйма)
20 г – 22% (8 514)
5 г – 18% (6 667)
50 г – 12% (4 544)

Жыл басынан бері плюс 36%

Ұлттық банк алтын құймалар инвестициялаудың сенімді жолы бола алады деп сендіреді. Олардың өтімділігін қамтамасыз етудің басты факторы — банктер мен банктік емес айырбастау пункттерінің клиентке «күнбе-күн» ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі.

Бірақ  бұл қызмет әзірге аса танымал емес. 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 3,2 кг 128 өлшеуіш құйма ғана кері сатып алуға қабылданды.

Алтынның құны үнемі артуда. Қазақстанда 11 қарашадағы жағдай бойынша бір грамм алтынның ресми құны 25 860 теңгені құрайды (бір тәулік бұрын ол әлдеқайда жоғары болған – 27,1 мың теңгеден астам).

Салыстыратын болсақ, жылдың басында бір грамм алтынның құны 19 033 теңге, ал 2019 жылдың қаңтар айының алғашқы күндерінде шамамен 15 900 теңге болды. Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бері республикада осы қымбат металл үштен бірге — 35,9%-ға немесе бір граммының бағасы 6800 теңгеге қымбаттады.

2020 жылғы алтынның ресми бағасының динамикасы

Ұлттық Банктің алтын құймаларын сатып алу бойынша өңірлер арасында көшбасшы — Алматы қаласы (сатылған құймалардың жалпы санының 53%-ын осы аймақтың тұрғындары алған). Одан кейін Атырау (13%), Нұр-Сұлтан (11%) қалалары және басқа өңірлер (23%).

«Қазіргі уақытта алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jýsan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады», — деп еске салады Ұлттық Банкте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз