Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұру үшін долларға қатысты келісімдерге араласуда — Bloomberg

653
Сурет: businessfm.kz/Жанара Каримова

Қазақстанның орталық банкі теңге мен доллар бойынша кейбір мәмілелерге араласты. Мұнай бағасының күрт төмендеуі аясында валютаның тым әлсіреуіне жол бермеуді мақсат етеді, деп жазады Вloomberg. Өздерінің атын жария еткісі келмеген бес дереккөзге сілтеме жасай отырып, Агенттік Ұлттық банк теңгені долларға айырбастау туралы кейбір сұраныстарды кешіктіріп немесе қабылдамай, валютаны бақылауда деп мәлімдейді. Мұндай іс-қимылдар Қазақстан 2015 жылы белгілеген валютаның еркін айналымы режимінің қағидасына қайшы келеді.

Теңге — саяси мәселе

Вloomberg хабарлауынша, Ұлттық Банк жолданған сауалдарға бірден жауап берген жоқ, бірақ 9 қазанда электрондық пошта арқылы оның шешімдері теңгенің нақты айырбас бағамына немесе сауда-саттық көлеміне байланысты емес екенін хабарлады.

Алайда күмәндануға жеткілікті себеп бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айында Ұлттық Банк басшысы Ерболат Досаевқа теңгенің тұрақтылығы маңызды екенін және

құбылмалылықты болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдау керегін айтты

Бұл коронавирусқа байланысты екі рет енгізілген шектеу шаралары мен соңғы екі онжылдықтағы алғашқы рецессияға байланысты қоғамдық наразылықтың қызуын азайту әрекеті деп түсіндіруге болады.

Тегін жоғары білім: хоас па әлде әлеуметтік әділеттілік пе?

«Теңгенің Қазақстанда саяси мәні бар», — деді Лондондағы Prism polit Risk Management талдаушысы Кейт Маллинсон.

«Егер Қазақстанда валютаның еркін саудасына қойылған шектеулер алынып тасталса, бұл теңгенің құлдырауын тездетуі мүмкін, бұл халық арасында толқуларға әкелуі мүмкін»

Ресей сырттан қарыз алса, Қазақстан қорына қол салуда

Шетел валютасына сұраныс жоғары болған кезде, кредиторлар банкаралық нарыққа көшуге мәжбүр болса, теңге ұлттық биржаға қарағанда неғұрлым төмен деңгейде саудаланады, деп мәлімдеді Вloomberg-ге жоғарыдағы төрт адам.

Қазақстандағы ең ірі кредитор Халық банкінің бас атқарушы директоры Үміт Шаяхметова қыркүйек айындағы онлайн-конференцияда ашықтықтың жоқтығын сынға алды. Ол реттеуші тарапынан валюта нарығының микроменеджменті көптеген нарықтық тетікті бұрмалайды және инфляцияға ықпал етуі мүмкін деп мәлімдеді.

Наурызда Үкімет доллар сатып алу шарттарын қатаңдата бастады. Атап айтқанда, жергілікті компаниялар растау құжаттарынсыз күніне сатып ала алатын соманың көлемі екі есе (50 мың долларға дейін) қысқарды. Мемлекеттік кәсіпорындарды өздерінің экспорттық кірістерінің бір бөлігін сатуға міндеттеді.

Теңге әдетте рубль бағамының ауытқуларын қайталайды өйткені Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі болып табылады. Бұл ретте екі ел де ірі мұнай экспорттаушылары.

Қазақстан валютасы биылғы жылы долларға қатысты 10%-ға әлсіреді. Ресей рублі 18%-ын жоғалтты. Айырмашылықты өспелі кірістерді төлеу үшін Қазақстан өзінің мұнай қорынан $8 млрд-ты $56 млрд-қа сатқандығымен түсіндіруге болады, өз кезегінде Ресей негізінен борыштық міндеттемелерді тартты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз