Қазақстан трансшекаралық өзендердің суларын бөлу бойынша Қытаймен келіссөздерге қол жеткізген алғашқы ел болды.
— Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы су қатынастары трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісіммен реттеледі.
Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бөлу жөніндегі келісімнің болмауы негізгі проблемалардың бірі еді.
Келісім бойынша жұмыс 2015 жылдан басталды. ҚХР-мен жүргізілген келіссөздер өте күрделі болды. Қытай шекара маңындағы ешбір елмен су бөлу жөнінде келіссөздер жүргізбейтінін ерекше атап өткім келеді. Қазақстан ҚХР-мен келіссөздер жүргізіп жатқан алғашқы және жалғыз ел, — деді Мырзағалиев.
Сондай-ақ, министр Орталық Азия республикаларымен су бөлу бойынша даулы мәселелер туралы айтты. Сырдария өзенінің бассейні бойынша су шаруашылығы қатынастары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан арасындағы бесжақты Келісім шеңберінде реттеледі. Кеңес заманында бұрын белгіленген су ресурстарын бөлу тәртібін бұзу негізгі проблемалардың бірі.