Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Танымал дәрігерлер Біртановтың кінәлі екеніне сенбей отыр

134
Е. Біртанов. Сурет: Sputnik / Сергей Ким

Хаттың авторлары — белгілі ғалымдар, дәрігерлер және қоғам қайраткерлері: профессор, фтизиохирург Абай Байгенжин, профессор, нейрохирург Серік Ақшолақов, профессор, кардиохирург Юрий Пя, профессор, гинеколог-репродуктолог Вячеслав Локшин, профессор Алмаз Шарман және басқалар, деп хабарлайды Zakon.kz. Хат авторлары өз әріптесінің кінәсіне сенбейді, Біртановты босатуды сұрайды және экс-министр тартылған істі бейтарап тергеуді талап етеді.

«Бес баланың әкесі, пневмонияның ауыр түрімен ауырған адам тергеу кезінде үйде болғаны дұрыс», — деп жазады авторлар.

Сондай-ақ, үндеуде Біртанов  — «емделушілер мен әріптестеріне ашық, санитар, токсиколог-дәрігер, ғылыми орталықтың меңгеруші, медициналық холдингтің басшысынан министрге  дейінгі сатылардан өткен денсаулық сақтау саласында ең тиімді жұмыс істеген министрлердің бірі, ол сөзсіз құрметке лайық».

«Әлемнің үздік университеттері мен клиникаларында тамаша дайындықтан өтіп, ағылшын және қазақ тілдерін еркін меңгерген, үлкен практикалық тәжірибесі бар, әлемнің көптеген еліндегі әріптестерінің құрметіне ие Елжан Біртанов елге үздік шетелдік тәжірибе мен мамандарды тарта білді. Елжан Біртановтың Денсаулық сақтау министрлігіне келуі еліміздің көптеген дәрігерлері тарапынан зор ықыласпен және ізгі ниетпен қабылданды», — делінген ашық хатта.

Оның авторлары еліміздің денсаулық сақтау саласы соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Нақты айтқанда, МӘМС, денсаулық сақтаудың жаңа кодексі, медицина қызметкерлерінің жалақысының өсуі, шешім қабылдаудың ашықтығы, корпоративтік басқару болашақ табыстың маңызды құрамдас бөлігі болды.

«Дәрігерлер мен азаматтық қоғам сенген, ата-бабасынан келе жатқан істі жалғастырған дәрігер, тамаша ұйымдастырушының сыбайлас жемқорлық жанжалына қатысы бар екеніне сену мүмкін емес. Өйткені, министр саланы дамыту стратегиясына жауапты жоғары шенеунік, ол қабылдаған саяси шешімдер мемлекеттік сатып алуларға қатысты болуы мүмкін бе? Бұл оның функциясы емес! IT-технология маманы болмай, қандай техникалық шешім қабылдау керектігін қалай шешуге болады?» – деген сұрақ қойды экс-министрді қолдайтын хат авторлары.

Олар Біртановты Денсаулық сақтау саласының пандемияға дайын болмауына қалай айыптаса,  барлық Еуропа елі мен АҚШ шенеуніктеріне де дәл осындай талаптарды жіберуге болады деп санайды.

«Алайда, тек қателікке жол беріп қана, болашақта оларды қайталамауға болады. Пандемия барлығына күтпеген жерден келді, біраз нәрсе түсініксіз болды. Елжан Біртанов жаңа аурудың ауырлығын өз басында сезініп көрді, осындай қиын уақытта оның білімі мен тәжірибесі елге және денсаулық сақтау жүйесіне өте пайдалы болар еді. Біз  тергеудің әділ өтетініне және әріптесіміздің кінәсіздігіне сенеміз шын жүректен сенеміз», — делінген хатта.

Хатқа келесі адамдар қол қойды:

  • Проф. Пя Ю.В. – медицина ғылымдарының докторы, University Medical Center, «Қазақстанның Еңбек Ері» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы.
  • Проф. Ақшолақов С. К. — медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, ғылым және техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның Еңбек Ері», «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, Қазақ нейрохирургтары қауымдастығының президенті.
  • Проф. Байгенжин А.К. — медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Басқарма төрағасы.
  • Проф.Кульжанов М. К. – «Республикалық Медициналық Палата» ҚБ басқарма төрағасы.
  • Проф. Локшин В. Н. — медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Халықаралық репродуктология академиясының президенті.
  • Проф. Шарман А.Т. — Профилактикалық медицина академиясының президенті.
  • Байқошқарова С.Б. — биология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті.
  • Бекбосынова М.С. — медицина ғылымдарының докторы, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы.
  • Әлиева Э. — Help Today қорының жетекшісі, қоғам қайраткері.
  • Орынбаева с.Ш. — «Өмір сыйы» трансплантациядағы пациенттер қоғамы» РҚБ президенті.
  • Карибаева Ш.К. — дәрігер акушер-гинеколог, репродуктолог, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.
  • Пивоварова И.А. – «Гематолог дәрігерлер қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз