Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Солтүстік Қазақстан облысынан COVID-19-ға тест тапсырмай шығуға тыйым салынады

Сурет: RT

Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Анықтаманың нәтижелерді алған сәттен бастап үш тәуліктің ішінде жарамды болады. Бес жасқа дейінгі балаларға анықтама қажет емес.

— Жолаушылар қолында теріс нәтижесі бар ПТР-талдау анықтамасы болған жағдайда ғана Петропавлдың басқа өңірлерге кету пунктінен ұшақ бортына немесе вагонға отыра алады. Солтүстік Қазақстан облысының аумағы бойынша жолаушылар пойыздарын тоқтатуға тыйым салынды, вагондар арасында жолаушылардың жүруіне шектеу қойылды, — деп түсіндірді Байғабылов.

Әуе кемесі СҚО-дан Қазақстанның басқа өңірлеріндегі әуежайға ұшып келген кезде ПТР-талдау анықтамасының бар-жоқтығына тексеру жүргізіледі. Теміржол вокзалдарында да осындай тексеру болады. Шығарып салушы немесе еріп жүретін адамдар әуежай мен теміржол вокзалының ғимаратына жіберілмейді, ғимаратқа билеттері бар жолаушылар ғана жіберіледі. ПТР-талдау анықтамасы жоқ жолаушылар анықталған жағдайда тасымалдаушыларға қатысты әкімшілік шаралар — 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз