Көкшетауда коронавирус жұқтырғандардың санының өсуіне байланысты карантиндік шаралар күшейтіледі.
— Қала айналасында санитарлық бекеттер іске қосылады. Бұл амалсыздан енгізілген, мәжбүрлі шара. Сауда үйлерінің, мейрамханалардың, оқу орындарының жұмысын қайта қараймыз. Шаралар күшейтілетін болады, түсіністік танытуды сұраймын, — деді өңір басшысы.
Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына бүгін, 3 қарашада қол қойылады. Бұл құжатта қандай шаралар енгізілетіні айтылады.