Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанның түрмелері: темір тордың ар жағындағы адамдардың «жағдайы» қалай?

320
Ашық көздерден алынған сурет

Сенаторлар тобы премьер-министр Асқар Маминнің атына  сауал жолдады. Олар сауалда отандық түрмелер мен колониялар күрделі жаңғыртуды қажет ететінін атап өтті. Жұмыс орныныі жетіспеушілігі, медициналық қамтамасыз етудің нашарлығы секілді проблемалар бар. Тергеу изоляторларының да жағдай жақсы емес. Мысалы, 16 тергеу изоляторының тек жетеуі қанағаттанарлық жағдайда.

Жұмыс жоқ, пайда табу мүмкін емес

2018 жылы Үкімет ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын бекітті. Қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту басым бағыттардың біріне айналды.

—Заңнамалық реформалар мен қылмыстық саясатты ізгілендірудің арқасында түрмеде отырғандардың саны 30 мың адамға дейін азайды. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік түрме рейтингінде 100-ші орында тұр. Тәуелсіздікті енді алған жылдарды Қазақстанда 100 мыңға жуық тұтқын болған, ол кезде АҚШ пен Ресейден кейін 3-ші орынды иеленді, — деп атап өтілген сауалда.

Алайда бірқатар проблеманың шешімі табылмай отыр. Біріншіден, жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастыруда қиындықтар бар.

Жол картасында сотталғандарды барынша жұмыспен қамту бойынша бірқатар шара көзделген. Бірақ бүгін

бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың 30%-ға жуығы ғана жұмысқа орналастырылған

— «Еңбек» және «Еңбек-Өскемен» РМК — қылмыстық-атқару жүйесіндегі негізгі жұмыс беруші. Бірқатар объективті себеппен шығарылған өнім тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында толыққанды бәсекелесе алмайды, — дейді депутаттар.

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң ҚАЖ-ды бір көзден сатып алуды көздейді. Бұл ретте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемі Үкіметтің қаулысымен айқындалады.

2019 жылы осы қаулыға бірқатар өзгеріс енгізілді,

сатып алынатын өнімдер мен қызметтердің көлемін азайтты,

ал кейбір түрлерін мүлдем алып тастады. Бұл бүкіл өндірістік жүйеге айтарлықтай соққы берді.

Түрмелердің басым көпшілігі сонау кеңестік кезеңде салынған

Нәтижесінде жиһаз, төсек-орын және т.б. өндірісі тоқтап қалды. Сондай-ақ, ҚАЖ мекемелеріндегі үй-жайларды жөндеу жұмыстары да тоқтатылды.

— Ескірген өндірістік инфрақұрылым, соның ішінде қазіргі заманғы өндірістік қуаттардың болмауы, күрделі салымдарды қажет етуі және режимдік объектілердің жағдайы кәсіпкерлерді тартып, колонияларда кәсіпорынды дамытуға  кедергі келтіреді. Бұл тұрғыда мемлекет пенитенциарлық мекемелердегі өндірісті дамытуға қолдау көрсетуі қажет, — деп санайды қол қоюшылар.

Бұнда

сотталғандар үкіміне сәйкес келтірілген залалды өтеуі керек екенін ескеру қажет

Колонияларда жұмысқа орналасу қажетті қаражатты табуға мүмкіндік берді. Оған қоса, жазасын өтеп шыққаннан кейінгі қайта әлеуметтендіруде пайдаға асатын еңбек дағдылары қалыптасады.

Түрме инфрақұрылымы да жаңғыртуды қажет етеді.

Жұмыс істеп тұрған 66 түзеу мекемесінің тоғызында ғана сотталғандарды камерада ұстауға жағдай жасалған. Онда 4 мыңға жуық адам бар.

16 тергеу изоляторының үшеуі апат алдындағы жағдайда, алтауының ғимаратты жүз пайыз тозған

Жетеуі ғана қанағаттанарлық деп таныды.

Колониялардың көпшілігі кеңес заманында салынған. Барактарда 100-120 сотталған адам тұрады. Сонымен қатар, бұл жұқпалы және вирустық аурулардың тарауына қолайлы орта.

Біз түрме жүйесіндегі реформалар туралы 20 жылдан астам уақыт бойы айтып келеміз. Бұл ретте халықаралық стандарттар  отрядтық ұстаудан камералық жағдайға көшуді талап етеді, — деп есептейді депутаттар.

Барактардан жеке камераларға ауыстыру керек

Ауыстыру үшін жұмыс істеп тұрған түзеу мекемелерінің аумағындағы тұрғын үй блоктарын қайта жаңарту жоспарлануда. Бұрын 4 облыста жаңа мекемелер салу үшін жер телімдері бөлінген болатын. Ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін ескере отырып, 42 түзеу мекемесін қайта жаңарту керек.

Қол қоюшылардың пікірінше, камера жағдайына көшу мекеме ішіндегі түрлі бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі. Және сотталғандардың да, қызметкерлердің де жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аурулардың алдын алу мәселесі де шешімін табар еді.

Түрмеде бейнебақылау құралдары жетіспейді. Сонымен қатар, олардың көмегімен қашу әрекеттерін ғана емес, сонымен бірге лауазымды тұлғалардың билігін асыра пайдалануының,  азаптаудың және т.б. алдын алуға (немесе ашуға) болады.

Бүгінде түзеу мекемелерін бейнекамералармен қамтамасыз ету тек 30%-ды құрайды

Бас бостандығынан айыру орындарында медициналық-санитарлық қамтамасыз ету жағдайы жақсы емес. Азаматтық сектормен тіпті салыстыруға келмейді

Негізгі проблема — медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі. Орта есеппен алғанда маман тапшылығы 30%-ды құрайтын

— Кез келген азаматтық дәрігер күрделі арнайы контингент, режимдік талаптар, толық инфрақұрылым, денсаулығы мен өміріне қауіп төнетін, мекемелердің елді мекендерден алыс орналасқан және т.б. колонияда жұмыс істеуге келісе бермейді, — делінген сұрауда.

ҚАЖ жүйесінде алты медициналық пенитенциарлық мекеме жұмыс істейді, олардың біреуі психиатриялық және үшеуі туберкулезге қарсы колония. Сондай-ақ әрқайсысында медициналық бөлім немесе медициналық пункт бар. Онда жылына орта есеппен 800-ге жуық сотталған емделеді.

— Медициналық қызметтердің толық болмауы, тар сала мамандардың болмауы, шұғыл госпитализация проблемалары, ескірген медициналық жабдықтар бас бостандығынан айыру орындарында ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын төмендетеді, — деп түйіндеді авторлар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз